jasqazaq.kz

Жедел жәрдемге жол бермеген жүргізуші ұсталды (видео)

25 мамыр 2018, 17:17

Алматыда жол бойында жедел жәрдем қызметкерлерімен жанжал шығарған Nexia жүргізушісі ұсталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Полициядағылардың мәліметінше, Алматы қалалық ІІД Жергілікті полиция қызметінің іздестіру бөлімінің қызметкерлері 1993 жылғы ер адамды ұстады. «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 595-бабының 1-бөлігі бойынша («Маневр жасау қағидаларын бұзу») , 598-бабының 1-бөлігі бойынша («Арнайы жарық және дыбыс сигналдары iске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлiк құралының жүруiне басымдық бермеу») және 434-бабы бойынша («Ұсақ бұзақылық») әкімшілік материалдар жиналды. Материал шешім қабылдау үшін Алматының мамандандырылған ауданаралық сотына жіберіледі», — деп хабарлады Алматы қалалық ІІД ЖПҚ іздестіру бөлімінің басшысы, полиция подполковнигі Ерік Насырбеков. Еске сала кетейік, осыған дейін Алматыда Nexia көлігінің жүргізушісі жедел жәрдем көлігіне жол бермей қойғаны хабарланған болатын.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер бар!

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен