Жедел жәрдемді басқарудың автоматтандырылған жүйесі енгізілді

19 қараша 2018, 16:39

Елбасы тапсырмасына сәйкес Батыс Қазақстан облысында денсаулық сақтау саласын цифрландыру жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» РМК БҚО филиалының директоры Сандуғаш Кеңесова хабарлады.

Сандуғаш Жолдасқызының айтуынша, Елбасы Жолдауда медициналық қызмет сапасына айрықша назар аударған болатын. Мемлекет басшысы атап өткеніндей, алдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшуі тиіс. Бұл бағытта Батыс Қазақстан облысында пилоттық режимде биылғы қаңтардан медициналық құжаттарды қағазсыз жүргізу енгізілді. Жоба аясында қағаз түріндегі нұсқалар біртіндеп алынып тасталады. Сандуғаш Кеңесованың сөзіне қарағанда, өңірдегі медицина ұйымдарында «Kazmedinform» медициналық ақпараттық жүйесі, қаланың 6 емханасында электрондық кезекті басқару жүйесі, жедел медициналық жәрдемді басқарудың «АДИС» автоматтандырылған жүйесі енгізілді. 2017 жылдың қараша айынан бастап k-vrachu.kz мобильдік қосымшасы енгізілді, оны PlayMarket, App Store дүкендері арқылы тегін жүктеп алып, Android, iOS операциялық жүйесінде жұмыс істейтін мобильдік құрылғылар арқылы дәрігердің қабылдауына жазылуға болады. Аталған мобильдік қосымшада тіркелген пайдаланушылардың саны – 22 548.
Мобильдік қосымшаның тиімділігі мынада, сол арқылы дәрігерлер жұмысының кестесімен танысуға, тұрғылықты жері бойынша тіркелген учаскені анықтауға, дәрігер карточкасын қарауға, облыстың медициналық ұйымдарын қарауға және оларды картада табуға, дәрігерді үйге шақыруға, дәрігердің қабылдауына жазылуға және қажет болған жағдайда жазылуды өзгертуге болады, Push хабарламалар және дәрігерге бару жөнінде ескерту қызметтері бар. Тағы бір айта кететін жайт, дәрігердің қабылдауына жазылуға арналған k-vrachu.kz веб-порталы жұмыс істейді. Веб-портал арқылы тіркелген учаскені іздеуге, дәрігердің (жалпы тәжірибелік дәрігер) қызмет көрсететін ауданын қарауға, дәрігерді үйге шақыруға, дәрігердің қабылдауына онлайн жазылуға, дәрігердің кестесін, оның біліктілігін қарауға, дәрігерді бағалауға болады. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында кезектілікті азайту үшін қаланың барлық емханаларында «Электронды табло» электрондық кезекті басқару бағдарламасы енгізілді. Қаланың алты емханасында және «Деркөл» дәрігерлік амбулаториясында «Казмединформ» медициналық ақпараттық жүйесімен біріктірілген электрондық кезекті басқару жүйесі жұмыс істейді. Барлығы 105 мекеме (121-ден) қағазсыз түрге көшірілді. Дәрігерді электронды цифрлық қолтаңба арқылы авторизациялау мүмкіндігі бар. Сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесін ақпараттандыру аясында облыстық жедел медициналық жәрдем қызметінің онлайн режимінде жұмыс істеуі үшін ситуациялық орталықты орнату арқылы жедел медициналық жәрдемді басқарудың автоматтандырылған жүйесі жаңғыртылды. Бұл науқасқа жетудің уақытын 12 минуттан 9 минутқа дейін, сонымен бірге диспетчерлік қызметке келіп түскен шақыртуды өңдеудің уақытын 5 минуттан 3-4 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді, ауруханаға дейінгі қайтыс болу жағдайы 0,8 промилиден 0,4 промилиге дейін төмендеді. Қалалық жедел жәрдем станциясы 32 дана мобильдік АРМ (планшеттермен) жарақталды, қамту 100 пайызды құрайды, облыс бойынша 138 дана санитарлық автокөлік GPS — мониторингке қосылды (қамту – 100 пайыз).
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап бағдарлама бойынша 16918 шақыртуға қызмет көрсетілді. Бағдарлама облыс бойынша жедел медициналық жәрдем бригадаларының геолокациясын көріп отыруға мүмкіндік береді, диспетчер шақырту туралы ақпаратты (шақыртудың себебі, пациенттің аты-жөні, мекен жайы) бригаданың планшетіне жібереді. Филиал директорының айтуынша, инфрақұрылымдық индикаторлар бойынша бүгінгі таңда медициналық ұйымдар 4477 компьютермен жарақталды, 2016 жылы 1064 дана (152,3 млн теңге), 2017 жылы 656 дана компьютерлік техника сатып алынды. Ол жергілікті бюджет (162,5 млн теңге) және медициналық ұйымдардың өз қаражаты есебінен жүргізілді. Облыстың медициналық ұйымдары компьютерлік техникамен 100 пайызға қамтамасыз етілді. Оған қоса медицина ұйымдарын 510 дана компьютерлік техникамен жаңарту үшін 242,5 млн теңге сомасына бюджеттік өтінім берілді. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында денсаулық сақтау басқармасы «Батыс Қазақстан облысында денсаулық сақтау басқармасын цифрландыру жөніндегі жол картасын» әзірленді.
С.Кеңесова бұл орайда: «Күні бүгін 383 медициналық мекеменің 263-і интернет желісіне қосылған. Бұл ретте шалғайдағы шекаралас аудандардың медициналық пункттері, фельдшерлік-акушерлік пункттері (барлығы 120 нысан немесе 30 пайызы) интернетке қосыла қойған жоқ. Осы бағытта «Қазақтелеком» АҚ-мен медицина ұйымдарын кең жолақты интернетке қосу жұмыстары жүргізілуде», – деді.

Мақпал Ноғайбаева

Цифрлық Қазақстан жобасы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар» Жеке қорымен іске асырылады.

26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында ұздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 17:38
Түркістан: Есірткіге қарсы профилактикалық шаралар қарқынды жүріп жатыр
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу
23 шiлде, 12:11
Түркістан: Миллиондаған қарызы бар борышкер мен мас жүргізуші құрықталды
23 шiлде, 12:06
Түркістан: «Таза Қазақстан» аясында 21 000-нан астам құқық бұзушылық анықталды
23 шiлде, 11:56
Түркістан: Шардара ауданында профилактикалық іс-шаралар жалғасуда
22 шiлде, 14:26
Түркістан: Жетісай ауданында қауіпсіздік іс-шаралары өтуде