jasqazaq.kz

Жедел жәрдем көлігі базарда құрылыс материалдарын тиеп жүр

24 мамыр 2018, 15:58

Қатты сырқаттанып қалғанда шақыра алмайтын «Жедел жәрдем» енді базар жағалап, құрылыс заттарын тасып жүр. Желіге тарап кеткен видеожазбада мемлекет ақшасына сатып алынған мүліктің бас дәрігер салып жатқан коттеджге ағаш тасу үшін қолданылып жатқан көрінеді.

NUR.KZ. хабарлағандай,  Алматы базарында құрылыс заттарын тиеп жүрген жедел жәрдем көлігінің видеосы желіде қызу талқыға түсті.
Видеодағы көлікті табу қиынға соға қойған жоқ. Мемлекеттік нөмірдің қай ауруханаға тиесілі екенін ішкі істер департаменті лезде анықтап берген.

Мемлекеттік тіркеу нөмірі — 871АХ05
Мемлекет — Қазақстан
Облыс — Алматы облысы
Аудан — Жамбыл ауданы
Мекеме атауы — Жамбыл ауданы, ШЖҚ Қарғалы ауылының «Аудандық ауруханасы»
Көше — Қарғалы, А.Бейсеуов
Үй №1
Ғаламтордың жұлдызына айналып үлгерген көлік видеосының авторы да табылды. 871 нөмірлі жедел жәрдем көлігінің құрылысқа жегілгенін жүргізуші де жасырмайды. Алайда аурухана басшысының оқиғаның өз нұсқасы бар болып шықты.
Ұлдарым үй салып жатқаны рас. Бірақ, жедел жәрдемдегі құрылыс материалдары біздің үйге емес, Қасымбек ауылында жөнделіп жатқан емханаға жеткізілген», — деп айтты ол.
Құрылыс материалдарын алып келетін көлік таппай, оларды жедел жәрдем көлігіне жүктеуге бұйрық берген аурухана завхозы бірден жұмыстан босатылған.

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен