jasqazaq.kz

Жат ағымға кірген отбасы баласын жындыханаға тапсырды

26 қантар 2018, 14:44

Астанада жат ағымның жетегіне кіріп кеткен отбасы балаларына «шайтан кірді» деп, оны жындыханадан бірақ шығарған деп хабарлайды NUR.KZ.

Елордада ата-анасының дәстүрлі емес дінге кіріп кетуінің салдарынан, өрімдей жас баланың құқығы тапталып, жындыханаға жатқызылған. «Право» қоғамдық қоры мамандарының айтуынша, жат ағымға бас сұққан отбасылардың көп жағдайда балалары қиын жайттарға душар болып жатады екен.

«Біздің ұйымға өткен аптада ғана ата-анасы жат ағымға кіріп кеткен жасөспірім бала жеткізілді. Баламен психологтар сөйлескен уақытта, оның үйіне күн сайын өзге діни ағымның өкілдері жиналып, түрлі діни жоралғылар жасайтыны белгілі болды. Салдарынан, баланың мінез-құлқы күрт өзгеріп, ұл бала ашушаң, дөрекі сөйлейтін болып кеткен.
Ал анасы болса әлгіндей жат дінге кіріп кеткен адамдардың сөзіне еріп, өз баласын полицейлерге беріпті. Анасының жат діндегі «жақтастары» «оның бойына «шайтан» кірген, жындыханаға жатқыз» деп көндірген. Сұмдық емес пе? Сонда осындай дені сау, әп-әдемі баланың құқығын кім қорғау керек? Әрине, ол мемлекеттің қарамағына алынуы тиіс.
Сонда анасы жат дінге кіріп, ақыл-санасына ие бола алмайды да, ал нәтижесінде, бала қиналуы керек екен. Әділдік қайда? Егер үйінде бейтаныс адамдар күн түн демей түрлі наным-сенімдер орындап жатса, ондай әрекет бала түгіл, ересек адамның шамына тимей ме? Бала, былайша айтқанда, сол «діндарлардың» әрекетіне көнбегендіктен, осындай жағдайға душар болып отыр», — деп оқиғаны баяндап берді қор мамандары.
Қоғамдық қор сарапшылары қазіргі таңда жеткіншектің ата-анасына қатысты қылмыстық із қозғалғанын, бала уақытша психикалық ауытқулар орталығына жатқызылғандығын атап өтті.

«Қазір құзырлы органдар аталған мәселеге қатысты іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Тергеу аяқталған соң, баламен психологтар жұмыс жасап, біздің орталыққа жолданады деп күтіліп отыр», — дейді мамандар.

10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
08 шiлде, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
08 шiлде, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті