jasqazaq.kz

Жастарды жігерлендірген 9 бастама

05 наурыз 2023, 13:45

Түркістан облысының «Жастар ресурстық орталығы» 2022 жылы жастардың мәдениетін дамыту және бос уақытын тиімді пайдалану, жас өрендердің бойындағы дарынды анықтап, шығармашылығына қолдау білдіру мақсатында 9 іс-шараны жүзеге асырған. Ұйымдастырылған игі істерді саралап, оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.

Мерейлі отбасылар анықталды

Ұлт болашағының ең басты тұғыры, ең басты іргетасы — отбасы. «Отан отбасынан басталады» деген сөздің де түп-төркіні осы. Ұлттың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тұтастай алғанда ұлт болмысын сақтайтын ең басты «қойма», оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, уақыт пен кеңістіктен аман сақтап, келешекке аманаттап тапсыратын әлеуметтік орта да осы отбасы. Олай болса, отбасы – кез-келген мемлекеттің, кез-келген халықтың – бүгіні мен болашағының бүтіндігінің кепілі. Соңғы жылдары қоғамда отбасы құндылығы құлдырап бара жатқаны ақиқат. Ұлт тамырына балта шабатын бұл дертке тосқауыл қою үшін мемлекеттік деңгейде түрлі шаралар өткізіліп жатыр. Осындай игі бастаманың бірі – Мерейлі отбасы байқауы. Өткен жылы Түркістан облысында «Мерейлі отбасы –2022» ұлттық үздік отбасылар байқауы ұйымдастырылды.

Жобаның басты мақсаты – жанұядағы адамгершілік құндылықтарды қайта жаңғыртуға, отбасы мәртебесін көтеруге бағытталған. Байқауға 17 аудан, қаладан 130 өтінім ұсынылып, 26 отбасы облыстық кезеңге өтті. Осылайша үздік отбасылар облыс бойынша жанұядағы жарасымдылық пен өзінің қарым-қабілеттерімен ерекшеленіп, ұрпақтар сабақтастығының қайталанбас үлгісін көрсетті. Байқау нәтижесінде 3 отбасы үздік деп танылып, 23 отбасы диплом мен қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Жастардың белсенділігі артып келеді.

Облыста өңірдің экономикалық дамуына үлес қосқан жастардың еңбегін елеп, марапаттау дәстүрге айналған. Былтыр да осы дәстүр негізінде «Тәуелсіздік ұрпағы – Жыл көшбасшылары» атты жастар премиясы ұйымдастырылды. Байқау – Түркістан облысында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, кеңінен насихаттау және мемлекеттік жастар саясатына, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, зор үлес қосқан жас азаматтарды, түрлі салада өзінің білімін, дарынын көрсете білген жастарды қолдауды мақсат еткен. Бәйгеде 500-ге жуық өтінім түсіп 20 номинация бойынша диплом мен қаржылай сыйлықтар табысталды.
Бүгінде өңір жастары қоғамдық жұмыстарға өте белсенді. Өңірдегі жастарды жан-жақты қолдаудың арқасында мемлекеттік жастар саясаты қоғам дамуына үлес қосып жүрген өрендердің саны 5 736-ға артты. Нәтижесінде «OzgeEpic» шығармашылық кеңістігі, Отбасы хрестоматиясының «Білгім келеді» клубы, «Tarmaqtar» әдеби жобасы сынды қауымдастықтары құрылды.

Ойы зерек өрендер анықталды

Өңір жастарының өзге аймақтармен достық қарым-қатынасын орнататын «TARIH FANDOM» республикалық квест сайысы өтті. Квест ойынының мақсаты — тарихты тану және өлкетану бойынша білімдерін кеңейту. Жалпы жарысқа 15 команда бойынша 90 жас өтінім жолдап, іріктеудің нәтижесінде 10 команда қатысуға мүмкіндік алған. Республикадан келген жастар Түркістан тарихымен танысып, өзара тәжірибе алмасты. Командалық жұмыс жасау барысында ой-зеректігі мен физикалық жылдамдықты ұштастыра отырып жеңіске жетуге жан-жақты дағдыларын дамытқан. Білім бәйгесінде 3 жеңімпаз командаға диплом мен қаржылай сыйлықтар берілді. Сонымен қоса, «Үздік топ», «Үздік ойыншы», «Креативті жауап» номинацияларына да қаржылай сыйлықтар ұсынылды.

Тың жобалар ұсынылды

Жастарды еңбек нарығының қажеттіліктерң туралы хабардар етуге бағытталған облыстық «Samgau-Up-Shift» жобасы аясында, «UPGRADE» жастарға арналған семинар-тренингі жобасын ұйымдастырылды. Жоба барысында медиа, жобалық менеджмент, өңірдегі жастар саясатындағы өзекті мәселелер бойынша спикерлер жобалар жазу жолдарымен таныстырды.
Екі күнге созылған семинар-тренингтің алғашқы күнінде жастар саясатының негізгі бағыттары бойынша сөз қозғалды. Басқосуда ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Айнұр Идрисова, «Жастар саясатындағы өзгерістерді талқылау» – «Jastar qyzmetkerleri» қоғамдастығының сарапшысы Сымбат Абдрахманова, «Әлеуметтік кәсіпкерлік бағытын дамыту» – «Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасының жеңімпазы, Инклюзивті фитнес орталығының негізін қалаушы, ҚР Президенті жанындағы жастар кеңесінің мүшесі Динара Наумова сынды мамандар лекция оқыды. Шараның екінші күні квест ойындары ұйымдастырылып, жастар сарапшылармен бірге жоба әзірлеп, қорғады. Ең таңдаулы жобалар марапатталып, үздік танылған жобаларға қаржылай сыйлықтар берілді.

Жастардың қызығушылығын арттырған байқау

Өңір жастарының бойындағы ерекше қабілетті анықтайтын «Сен талантсың!» шығармашылық байқауы ұйымдастырылды. Байқау шарттарына сәйкес, қатысушылар түрлі бағыттар (ерекше қабілет, түрлі сиқырлар, тас сындыру, темір майыстыру, т.б) бойынша бақтарын сынайды. Оған 16-35 жастағы азаматтар қатыса алады. Сонымен қатар байқауға қатысушы өзгелердің және өзінің жеке басына қауіп төнбейтіндей туындыларын ұсынуы қажет. Қатысушылар өздеріне қажетті заттарын (киім жабдықтары, аспаптары, арқан, гір тасы, т.б) өзімен бірге алып келуі тиіс. Жоғары ұпай жинаған қатысушыларға бағалы сыйлық берілді.
Осы байқауда Сауран ауданының атынан өзінің ерекше дарынымен (робототехника) Жұмаділлә Қажыакбар Нұриллаұлы жеңіс тұғырынан көрінді.

Байқау барысында қатысушылар өзгелердің және өзінің жеке басына қауіп төнбейтіндей туындыларын ұсыну арқылы өз өнерлерін көрсетті. Бағалау талаптарына сәйкес ең жоғары ұпай жинап, жүлделі орынға ие болған қатысушыларға ұялы телефондар табысталды. Бұл сайыс жастар арасында үлкен сұранысқа ие болып, өз таланттарын танытуға қызығушылықтарын арттырды. 100 жас қатысқан байқауда ең үздік жастар анықталып, шығармашылық өнерлерін көрсетті.

Көп ішінен суырылып шыққан

Жастардың танымдық қабілетін арттырып, білімді, еркін ойлай алатын жеке тұлға етіп тәрбиелеу мақсатында «Тuran» атты республикалық интеллектуалдық сайысы ұйымдастырылды.
Жастар білімге деген құштарлығын, ізденісін, қызығушылығы мен логикалық ойлау қабілеттерін дамытатын білім бәйгесіне 44 команда қатысқан. Көптің ішінде суырылып, үздік атанған 8 команда финалға жолдама алыпты. Осы командалар арасандағы жарыста арнайы бас жүлде мен 3 орын және «Үздік білімгер», «Үздік топ басшы» номинациялары беріліп, қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Студенттерге келелі кеңестер берілді

Жастардың өзекті мәселелері бойынша қоғамдық пікірді салмақтау «Student fest» Республикалық студенттер лигасы форумы өтті. Кеш Қожа Ахмет Йассауи атындағы ХҚТУ мен Халықаралық Туризм және меймандостық ЖОО-ның студенттері арасында болды.

Кеш Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы мен Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өтті. Концертте студенттерге білім кілті мен студенттік билеттер табысталды. Үш сағатқа созылған кеште студенттер өз өнерлерін көрсетті.Сондай-ақ арнайы спикерлер студенттерге бағыт бағдар беріп, өздерінің бастан кешкен оқиғаларымен бөлісті. Сонымен қатар түрлі ойындар ұйымдастырылып, мотивациялық кеңес берілді.

«OPEN TURKISTAN YOUTH» атты жастар форумы өтті

Түркістан облыс орталығы болғалы алғаш рет халықаралық жастар форумы өтті. Еліміздің 6 облысынан келген қонақтар өзбекстандық белсенділермен бас қосты. Жиында жастар арасындағы өзекті мәселелер талқыланып, ортаға салынды. Форумға Қазақстан және Өзбекстан Республикасының жастары, Түркістан облысының белсенді жастары қатысты. Форумға Өзбекстан Республикасының туризм және мәдениет министрінің кеңесшісі Лола Рахманбаева, Жастар қызметкерлері қауымдастығының бас маманы Тимур Искаков арнайы келіп, құттықтады. Ауыл вайнері, жастар белсендісі Бақыт Жандос, блогер Бағдаулет Жаманқұлов қонақ болды. Жастармен түрлі тақырыпта сұрақ-жауап алмасып, өз ойларын ортаға салды.
Жастар форумы 6 бағыт бойынша: Білім, Этносаралық қатынас, Экология, Қаржылық сауаттылық, Еңбек идеологиясы, Патриоттық салалар аясында өткізілді.

Білім бағыты бойынша – Ерасыл Төлебаев болса, этносаралық қатынас бойынша республикалық Чернобыль ардагерлері Кеңесінің Төрағасы Бақытжан Әшірбаев лекция оқыды. Экология тақырыбында Сырдария-Түркістан МӨТП ғылыми қызметкері Ғани Назарбек, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ биология кафедрасының аға оқытушысы Нұрлан Толбаев жастарға дәріс оқыды. Қаржылық сауаттылық бойынша BQM компаниясының негізін қалаушы, жас кәсіпкер, мотиватор Ақжол Талғатұлы, Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің офицері Гүлзия Қарсыбай ашық әңгіме өрбітсе, еңбек идеологиясы тақырыбы «OSST-tur» туристік компаниясының атқарушы директоры Төрәлі Сыздықов пен «Dailyfood.kz» тағам желісінің директоры Сангина Абдурахманованың еншісінде болды. Патриоттық бағытта қоғам белсендісі, волонтер Олжас Мамыр спикер болды.

Жастар экологияға бейжай емес

Түркістанда елді мекендердің экологиялық проблемаларын шешу жолын қарастыру үшін «Жасыл патруль» жобасы қолға алынды. Өткен жылдың сәуір айынан қарашаға дейін аудан мен қалаларда «Жаңа Қазақстан — табиғатты аялаудан бастайық» атты эко-акциясы өтті. Сенбілік барысында қоғамдық орындар, демалыс орындары мен жолдың бойы ретсіз тасталған керексіз заттар мен ағаш жапырақтарынан тазартылды. Сонымен қатар, жастармен таза табиғат аясында тимбилдинг, қызықты ойындар өткізілді.
Осы сенбілікке облыс көлемінде жалпы саны 2 395 жас қамтылып, 28 тонна 394 кг қоқыс жиналды. Көгалдандыру жұмыстары бойынша 1500 гүл, 770 ағаш отырғызылды. Сонымен бірге, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды
өңір жастарымен кездесіп, еркін форматта түрлі тақырыптар бойынша әңгімелесті. Сұқбат барысында олардың ойын тыңдап, ұсыныстарын құптады. Өңір басшысы жастарға сенім артатынын білдіріп, жастар саясатының дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген жастарға алғысын білдірді. Кездесу соңында облыс әкімі белсенді жастармен бірге саябаққа ағаш отырғызды.

Бибайша Нұржанқызы

16 маусым, 14:52
Түркістан: Шаньдун провинциясымен ынтымақтастық өңір экономикасына серпін береді
13 маусым, 13:49
Түркістан: Инклюзивті қоғам құру бағытында
13 маусым, 11:59
«KitapХАН». Түркістандағы өрендерді рухани құндылыққа баулитын жоба
12 маусым, 14:57
Түркістан: Әлеуметтік нысандар көбейіп келеді
12 маусым, 14:46
Түркістан: Арыста биыл 26 инвестициялық жоба жүзеге асырылады
12 маусым, 14:04
Қытай сапары аясында Түркістан облысында сарымсақты терең өңдеу ісін бастау бойынша келіссөздер жүргізілді
11 маусым, 12:59
Түркістан: Әлеуметтік дамудағы қарышты қадамдар
11 маусым, 12:57
Түркістан: Отырар мен Созақ аудандарында жол жөндеу жұмыстары қарқынды
10 маусым, 18:22
Айдын Сайлаубай: «Жайлы мектеп» – баланың болашағына салынған инвестиция