jasqazaq.kz

Жас мамандарға таптырмас мүмкіндік

26 қантар 2018, 20:21

Елімізде жоғарғы оқу орнын бітірген түлектерге топ-менеджер атанудың жаңа мүмкіндігі бар. Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы   отандық университеттерді тәмамдаған үздік студенттерді іріктеп, өз компанияларында тағылымдамадан  өткізуде. Жас мамандардың кәсіби біліктілігін шыңдайтын «Жас өркен» бағдарламасы былтыр алғаш рет қолға алынған.

600-ден астам үміткердің ішінен таңдалған 20 маман қазір еліміздегі «Қазпошта», «Эйр Астана», «Қазақстан темір жолы», секілді іргелі кәсіпорындарда, ірі өндіріс орындарында тағылымдамадан өтуде.  Осылайша, екі жылдың ішінде түлектер 4 жерде қызмет етіп, жан-жақты тәжірибе жинайды.

«Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік университетінің директоры Гүлмира Райысованың сөзінше, мұндай тәжірибені әлемдегі ең ірі компаниялар бір ғасырдан астам уақыт  бұрын жүзеге асырған.  «Дженерал электрик» 1904 жылдан осындай тағылымдама арқылы қабілетті жастарды таңдап, кәсіпорынға қажетті кадрларды тәрбиелеуді әлі күнге жалғастырып келеді. Мұндай тәжірибені «Шелл» компаниясы да жалғастыруда. Бұл бағдарлама биыл да жалғаспақ. Өтінімдер 31-наурызға дейін қабылданады. Осыған орай,  соларға жол сілтеп жүрген тәлімгерлер елордада бас қосып, тәжірибе алмасты. Айтулыарынша, алғашқы 4 айдың нәтижесі бойынша бағдарламаға қатысушылар өздерін жақсы қырынан көрсете білген. Енді бір айдан кейін олар келесі мекемеде жұмысын жалғастырады.

«Біз жас мамандардың екінші толқынын қабылдауды бастап кеттік. Еліміз бойынша 99 жоғарғы оқу орнында ақпарттық-насихат жұмысы жүргізілді. Үміткерлер 4 кезеңнен тұратын сынақтан өтуі керек. Бұл — жоғарғы оқу орнының түлектері үшін өте жақсы мүмкіндік. Бірнеше компанияда тағылымдамадан өткеннен кейін олар өздері қалаған мекемеге жұмысқа орналаса алады»,-дейді «Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінің директоры  Гүлмира Райысова.

10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
08 шiлде, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
08 шiлде, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті