jasqazaq.kz

Жарнамаға сеніп қалған: Ақтөбеде алданғандар ақшасын ала алмай жүр

12 қыркүйек 2024, 9:45

Құрылыс компаниясына алдан ақтөбеліктер екі жылдан бері ақшасын ала алмай жүр. Олар баспана салу үшін фирма қызметіне жүгініп, ақысын алдын ала төлеп қойған. Бірақ осы күнге дейін не үй, не ақша жоқ, деп хабарлады KTK телеарнасы.

Жер үй саламын деп, маңдай термен тапқан ақшасынан айырылғандардың осы уақытқа дейін арыз жазбаған жері қалмапты. Барлығы құрылыс компаниясының әлеуметтік желідегі әдемі жарнамасына сеніп қалған. Іргетасын құйып, қабырғасын қалап, шатырына дейін сапалы жабуға миллиондаған ақшаны бірден ұстата салған. Енді фирмаға берген ақысын екі жыл даулап жүр.

Мәлік Жаманқұлов: — Ақша да аудармаған, материал да жоқ. Екі жарым жыл болды, ақшамды ала алмай жүрмін, материал да жоқ. Талабым — ақшаны қайтарсын. Моральдық, материалдық шығын өндірілсін. Үйімізде осыған бола күнде айқай.

Құрылыс компаниясынан шығынды өндіру туралы сот шешімі де бар. Бірақ соған қарамастан қызметін тек Ақтөбеде емес, көрші өңірлерде де жалғастырып жатқанын айтады.

Талғат Өстекенов: — 7 миллион жүз мың теңге. Сосын 13 миллион 900 мың қолма-қол бердік. Үй салып берем деген. Содан үйімізді де салған жоқ. Алдап кетті. Әлі осы халықты алдайды. Жарнама береді, шақырады. Тіпті Ақтөбе, «Атыраустрой», «Орал строй», «Ақтаустрой» сам деген фирмалары жетеді. Алдап жүр.

Тұрғындар қаншама адамды сан соқтырған құрылыс компаниясының басшыларын қылмыстық жауапқа тартуды талап етеді. Бірақ тәртіп сақшылары бірнеше рет істі жауып тастаған.

Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі: — Құрылыс компаниясына қатысты қылмыстық іс қысқартылды. Себебі бұл жерде қылмыс құрамы болмаған. Жәбірленушілерге азаматтық сотқа ұсыныс берілді. Келтірген шығынды сот арқылы арыз жазуға мүмкіндігі бар.

Құрылыс компаниясы кеңсесін жиі ауыстырады екен. Жұмыс орнынан басшыларын табу мүмкін болмады. Тек телефон арқылы тұрғындарға әдеттегідей түсініктеме берді. Директоры екі жүздей адамға көрсетілмеген қызмет үшін қарыздар екенін мойындайды.

— Шот жабық тұр. Бұл — бір. Сосын 2022 жылы бұғатталған. Көп адамның ақшасын төлеп тастадым. Екі жүз адамның. Сосын қалған адамдарға, бұйырса, жайлап, беремін.

Тұрғындар құрылыс компаниясы басшыларының уәдесіне тойдық деп отыр. Күнде ертеңнен шаршаған олар қылмыстық жуапқа тартпайынша, мәселе шешілмейтінін айтады. Өзгелердің де сан соғып қалмауына себепші болады деген сенімде.

JQ-Aqparat

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда