Дауыл Алматы облысы Жаркент қаласындағы Надежда Крупская атындағы орта мектептің шатырын жұлып әкетті, деп хабарлайды Today.kz ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«23 мамырда кешке жылдамдығы 18 метр секундқа жеткен дауыл 400 шаршы метрлік аумақтағы Надежда Крупская атындағы орта мектептің шатырын ұшырып жіберді», – деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
Комитеттің хабарлауынша, үш қабатты ғимарат П-үлгісінде жасалған. Жалпы аумағы – 3496 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ.
«Кешкісін мектепте ешкім сабақ оқып жатпаған», – деді Иманқұлов. Комиссия 24 мамыр күні келіп тексереді.