jasqazaq.kz

Жәнібек Әлімханұлы 2017 жылдың ең үздік менеджерімен келісімшартқа отырды

22 мамыр 2018, 14:58

Жақында ғана кәсіпқой боксқа біржолата ауысқан Жәнібек Әлімханұлы 2017 жылдың ең үздік менеджерімен келісімшартқа отырды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Бокстан Азия, Азия ойындары мен Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы The Ring журналының нұсқасы бойынша 2017 жылдың ең үздік менеджері, үш салмақта әлем чемпионы атанған Василий Ломаченконың менеджері Эгис Климаспен келісімшартқа отырды. Бұл туралы боксшының өзі БАҚ өкілдері үшін өткізген ашық жаттығуында айтты.

«– Америкаға үлкен жоспармен кетіп барамыз. Эгис Климаспен ресми келісімшартқа отырдық. Бірақ промоутерлерді әлі қарастырып жатырмыз. Өйткені көптеген промоутерлерден ұсыныс түсіп жатыр. Командамызбен ақылдасып, бір шешімге келеміз деген ойдамын», – деді Жәнібек.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокста 2 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен болатын. Ол соңғы кездесуін Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде Ислам — Кук арасындағы жекпе-жектің андеркартында өтті. Ол бразиялық Жильберту Перейра дос Сантоспен (14-5-0) 6 раунд жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан шешімі бойынша жеңіске жеткен еді.

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен