Жанат Айтпаева: Білімді көтеру – мемлекетті нығайту

23 мамыр 2023, 15:26

Биылғы оқу жылы да аяқталып келеді. Еліміздегі ең ірі мегаполистің білім саласы жылды қалай аяқтап отыр? Бұл сауалды біз Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Айтпаева Жанат Жеңісбекқызына қойдық.

– Жанат Жеңісбекқызы, міне, биылғы оқу жылы да аяқталып келеді. Осы оқу жылында алматылық оқушылардың халықаралық олимпиада, түрлі сайыстарда олжалаған жетістіктері жөнінде айтып берсеңіз.

–Биылғы оқу жылында алматылық оқушылар түрлі республикалық және халықаралық сайыстарда жүлделерге ие болды. Атап айтсақ, қоғамдық гуманитаралық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиададан Алматы құрама командасы командалық есепте бас жүлдені, жаратылыстану, математикалық бағыттағы пәндерден бірінші орынды иеленді. Халықаралық олимпиадалар мен байқауларда алматылық оқушылар 27 медаль алды. Оның ішінде — 4 алтын, 7 күміс, 16 қола.

– Алматы қалалық әкімдігінің қолдауымен жыл сайын «Орта білім берудің үздік ұйымы» грантына өтінім қабылдау басталды. Бұл конкурстың орта білім беру мекемелері арасындағы бәсекелестікті арттыратыны белгілі. Грант қаражаты да қомақты бәйге жөнінде айтсаңыз.

— «Орта білім берудің үздік ұйымы» конкурсының мақсаты — тиімді басқарушылық тәжірибені анықтау, қорыту және тарату, педагогтер мен басшылардың кәсіби өсуін ынталандыру. 2012 жылдан бері өткізіліп келеді. Биылғы жылға дейін 11 үздік мектеп әкімнің грантына ие болды. Олар №175 «Жаңа ғасыр» гимназиясы, №140 М.Мақатаев атындағы гимназия (2 рет), №159 Ы.Алтынсарин атындағы гимназия, №12 Ш.Уәлиханов атындағы мамандандырылған лицей, №178 мамандандырылған лицей т.б. Гранттың көлемі 2012 жылы 13 млн 952 мың теңгеден басталып, 2022 жылы 48 млн теңге болды, ал биыл 56 млн теңге көлемінде белгіленді.
Конкурстың қалалық кезеңіне мектептерді аудандар ұсынады. 2022 жылы 7 мектеп қатысты. 2023 жылы 8 мектеп қатысып отыр.
Конкурстық комиссияның төрағасы — Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Бекқызы Нүсіпова. Комиссия құрамында Білім басқармасының, білім саласындағы бақылау департаментінің басшылары, жаңа үлгідегі мектептердің басшылары, қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері бар.

2022 жылғы конкурстың қорытындысы бойынша Мамандандырылған «Білім — Инновация» лицей-интернаты жеңімпаз атанып, қала әкімінің 48 млн теңге көлеміндегі грантына ие болды. Грант мектептердің материалдық-техникалық жарақтандырылуын жақсартуға және білім беру процесін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуге жұмсалады.

– «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасының негізгі бағыттарының бірі – мектептерде орын тапшылығын азайту. Осы мақсатта қалада қанша жаңа мектеп салынды? Келесі жаңа оқу жылында қай аудандардың оқушылары оқуын жаңа мектепте бастайды?

– 2022 жылы оқушы орындарының жетіспеушілігін төмендету мақсатында 14 600-ден астам жаңа оқушы орнына 17 білім беру нысаны енгізілді, соның есебінен жетіспеушілік 36% -ға төмендеді. Сондай-ақ «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы бойынша 2023 жылы 37 мың орындық 22 мектеп салу жоспарланды.

– Алматы қаласының оқушылары яғни болашақ жас ғалымдар роботатехникадан халықаралық конкурстарға қатысып, жүлделі орыннан көрініп жүр. Шаһардың жас ғалымдарына, яғни талантты оқушыларды ынталандыру мақсатында қандай жұмыстар жүзеге асырылады?

— Осы жылы Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен алғаш рет Алматы қаласының оқушылары робототехникадан халықаралық деңгейде Үндістанның Пуна қаласына, АҚШ-тың Хьюстон, сондай-ақ Даллас қаласына жіберілді. Алматы қаласының құрама командалары үздік ондыққа кіріп, көшбасшылар қатарынан көрінді.
«Robotek Grand Tournament» республикалық чемпионатында №92 мамандандырылған лицей оқушылары кегельринг-квадро санатында 3 орынды иеленді.
Дарынды балаларға жан-жақты қолдау көрсету үшін оларға жоғары оқу орнына түсу үшін конкурстан тыс гранттар беріледі. Бір реттік ақшалай сыйақы да төленеді.
Еліміздің оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 29 шілдедегі бұйрығымен халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне және оларды дайындаған педагогтерге бір жолғы сыйақы төлеу ережесі бекітілген.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге қомақты мөлшерде сыйақы беріледі.

Сұхбаттасқан Қуаныш Рахмет

30 қыркүйек, 22:33
Заңсыз қаруды тапсыру – игі іс
30 қыркүйек, 19:47
Мал шаруашылығы – өрісті сала
30 қыркүйек, 16:35
Қазақстан - АҚШ: Инвестициялық ынтымақтастықтың басым бағыттары
30 қыркүйек, 16:04
Түркістан: Жастарға заңгерлік кеңес берілді
30 қыркүйек, 16:03
Түркістан: Қылмыс пен жаза
30 қыркүйек, 13:20
Түркістан: Полиция жастар мен жасөспірімдерге түсіндіру жұмыстарын жүргізді
30 қыркүйек, 12:55
Назерке Тәнекеева: Қолдау бар. Тек тәуекел етіп, кәсіп бастау керек
29 қыркүйек, 22:52
Су үнемдеудің сәтті тәжірибесі
27 қыркүйек, 16:46
Түркістан: Жан-жақты іс-қимыл - мал ұрлығына тосқауыл