jasqazaq.kz

Жанар Айжанова: Ернар Айдар «фонограммаға әбден мініп алған»

09 сәуiр 2018, 17:34

Жанар Айжанова белгілі әнші Ернар Айдарды сынап тастады. Өнер иесінің айтуынша, той әндерімен көпшіліктің көңілін жаулаған Ернар Айдар «фонограммаға әбден мініп алған».

Nur.kz хабарлағандай, бұл ойын ақтөбелік әнші «Хабар» телеарнасында көрерменге жол тартқан «Жұлдызды жекпе-жек» бағдарламасында айтты. Ғазизхан Шекербеков пен Ернар Айдардың ән додасына төрелік еткен ол «Ернарды өтірік мақтай алмаймын» деген.
«Енді өтірік мақтай беруге болмайды. Ернар негізі дайындығың аз сияқты, тойға барып, сен де әбден фонограммаға мініп алған балалардың бірісің. Сондықтан бір қайнауың кем болды. Жігітке серуен де серуен, сергелдең де серуен»,- деп сынға алды әнші.
Ал сөз соңында, Айжанова Ернарға көп еңбектеніп, өзіңді аяма деген кеңес берді.
«Өзіңнің де көзің жетті, жанды дауыспен ән айта аласың. Фонограммасыз да сен Ернар Айдарсың. Бүгіннен бастап әрі қарай жалғастырсаң, даусың кең диапазонды әндерге жетеді. Сондықтан өзіңді аяма, сонда халық сені төріне шығарудан шаршамайды», — деді Жанар Айжанова.

Бүгін, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен
Бүгін, 15:51
Бақытжан Төлімбет: Түркістанда балалар арасындағы суицидтің алдын алу жұмыстары дұрыс жолға қойылған
Бүгін, 14:23
Түркістан: Түлкібаста жалпы өңірлік өнім 29,9 млрд теңгеге жетті
Бүгін, 14:07
Түркістан: Масылдыққа жол бермеудің жолы – жұмыспен қамту
Бүгін, 14:02
Түркістан: Ауыл мектептері жаңғыртылып жатыр
23 маусым, 16:02
Түркістан: «Орталық Азия» өнеркәсіптік кооперация орталығы – маңызды жоба
23 маусым, 15:37
Түркістан: Мәдени және әлеуметтік нысандар құрылысы қарқынды
23 маусым, 14:42
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласындағы өзекті мәселелер пысықталды
23 маусым, 14:16
Алмас Әбдірахманұлы: Масылдыққа жол бермей, адамдарды еңбекке ынталандыру маңызды