Жамбылда әкімдер әлі бітпеген жұмыстарға қаржы аударып жіберген

22 қазан, 10:00

Жамбыл облысындағы Әдеп жөніндегі кеңес отырысында үш ауыл әкімінің тәртібі қаралды.

Осы жылдың сәуірінде Меркі ауданы Ақтоған ауылдық округі әкімі аппараты мен «Меркі жолдары» ЖШС арасында осы округтегі 5 көшені орта жөндеуден өткізу жұмыстары бойынша 232 млн теңгеге ашық конкурс тәсілімен келісім-шарт жасалған.

Маусым айында Ақтоған ауылдық округінің әкімі орындалған жұмыстар үшін 111 млн-нан астам теңгені мердігердің есепшотына аударады. Алайда кейіннен сарапшы 48 млн-нан астам теңгеге құм-шағал төсеу және тағы басқа жұмыстардың атқарылмағанын анықтаған.

Ал, Сарымолдаев ауылдық округі әкімі аппараты «БайБатыр 01» ЖШС-мен Жылысбаев көшесін орта жөндеуден өткізу жұмыстары бойынша жалпы құны 15 млн теңгеге бір көзден сатып алу тәсілімен келісімшарт жасаған. Бірақ орындалған жұмыстар туралы акті берілместен, мердігерге құбырларды монтаждау жұмыстарына 6 039 687 теңге көлеміндегі бюджет қаражатын аударғанымен талдау барысында 3,6 млн-ға жуық теңгенің жұмыстары орындалмағаны белгілі болды.

Сондай-ақ, осы ауылдық округ «Қазақ жолы 2050» ЖШС-мен Ращупкин көшесінің 8 бұрылысын орташа жөндеу үшін 46 574 713 теңгеге келісімшартқа отырады. Алайда сала мамандары асфальт жабындысының сапасы тиісті талаптарға сәйкес келмейтінін, яғни жолдың тегіс еместігі және әр жерлерде шұңқырлардың бар екенін анықтаған.

Осындай кемшіліктер бола тұра ауыл әкімі қаражатты толығымен аударып жіберген.

Және Ақермен ауылдық округі әкімі аппараты мен «Alaman Story Group KZ» ЖШС арасында 12 автомобиль жолдарын орта жөндеуден өткізу бойынша жалпы құны 187,5 млн теңгеге келісімшарт жасалып, округ әкімі мердігердің есепшотына қаражат аударған.

Алайда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен тартылған сарапшы талдау барысында жалпы 18,7 млн теңгенің орындалмаған жұмыстарын анықтады.

Аталған фактілер бойынша қозғалған тәртіптік істер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесі отырысында қаралып, тиісті ауыл әкімдеріне «қызметтеріне толық сәйкес еместігі туралы ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

inform.kz

23 қазан, 14:34
Президент: Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақ мемлекетін құру ісінде шешуші роль атқарғанын міндетті түрде айтуымыз қажет
23 қазан, 14:22
Президент: Бейбітшілік пен тыныштық - біздің ең құнды байлығымыз
16 қазан, 14:48
Қызылордада інісінің куәлігімен ағасын соттап жіберген
15 қазан, 14:20
Армения - уақыт сынынан өткен жақын серіктес
30 қыркүйек, 22:33
Заңсыз қаруды тапсыру – игі іс
30 қыркүйек, 19:47
Мал шаруашылығы – өрісті сала
30 қыркүйек, 16:35
Қазақстан - АҚШ: Инвестициялық ынтымақтастықтың басым бағыттары
30 қыркүйек, 16:04
Түркістан: Жастарға заңгерлік кеңес берілді
30 қыркүйек, 16:03
Түркістан: Қылмыс пен жаза