40 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны Шу ауданындағы құмды аймақта есірткі жасырып келген. Тәртіп сақшылары оны қазып алып жатқан жерінен ұстады.
Тексеру кезінде 4 қапқа салынған жасыл шөпке ұқсас зат анықталды. Арнайы сараптама оның кептірілген марихуана екендігін көрсеткен. Қазір сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Ал ұсталған азамат өзінің әрекетін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.