jasqazaq.kz

Жамбыл облысы: Түнгі рейд кезінде 190 кг қарасора тәркіленді (Видео)

18 қыркүйек 2024, 11:07

Жамбыл облысының құмды аймақтарында түнгі рейд кезінде полицейлер 190 кг қарасора тәркіледі. Polisia.kz хабарлағандай, “Қарасора – 2024” республикалық арнайы операциясы аясында Жамбыл облыстық полиция басқармасының қызметкерлері тәулік бойы құмды жерлерді тексеріп, есірткі дайындаушыларды анықтады.

– Есірткі күресуші сақшылар Ұлттық ұланның “Бүркіт” арнайы бөлінісімен бірлесіп, шалғай аудандарды жаяу патрульдеуге шығады, – деді ведомствода. Осындай тексерулердің бірінде ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері Шу ауданының Алға ауылынан 25 шақырым жерде жабайы қарасора өсірген Шу қаласының тұрғынын ұстады.

Сараптама тәркіленген өсімдіктің қарасора екенін көрсетті. Оның жалпы салмағы 188 келіден асқан. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады. “Қарасора – 2024” арнайы операциясы кезінде полицейлер барлығы 597 есірткі қылмысының жолын кесті, оның ішінде 178 өткізу фактісі, 113 есірткі сақтау фактісі бар. Заңсыз айналымнан 16 тоннадан астам есірткі тәркіленді, оның ішінде 13 тонна кептірілген марихуана, 3,6 тонна прекурсор, 83 кг синтетика, 48 кг гашиш, 20 мыңға жуық қарасора бұталары, 76 апиын көкнәр бұталары бар.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:03
Қазақстандық альпинист Конституцияны Гималайдағы Айленд Пик шыңына көтерді
Бүгін, 13:00
Жастар неге үйленуге асықпайды?
15 мамыр, 12:25
Бибігүл Дандығараева: Ұлттық құрылтай – елдің даму бағдары
14 мамыр, 16:42
Маржан Арапбаева: «Бақыттырақ болу үшін, мұрнымды жасаттым» (Видео)
14 мамыр, 16:16
Түркістан: егістік сусыз қалмайды
14 мамыр, 15:14
Түркістан облысында 14 индустриалдық аймақ жұмыс істейді
14 мамыр, 15:02
Түркістан: 41 мектепке жаңғырту жұмыстары жүргізіледі
14 мамыр, 14:50
Түркістан: Жол жөндеу жұмысы қарқынды
06 мамыр, 13:50
Алматыда Tabiğat Labs-тың жаңа маусымы басталды