jasqazaq.kz

Жалған биткоин жарға жықты

25 қантар 2018, 19:09

Астанада биткоин саудалаған алғашқы алаяқ құрықталды. Алматылық Тимур Бекжанов төмен бағада электрондық валюта сатамын деп екі адамнан қомақты көлемдегі ақша жымқырған. 

Ол алдағы уақытта криптовалютаның бағасы өсетіні жайында ақпаратты Olx.kz –ке орналастырады. Негізінен бір бірлік биткоинге 25 мың доллар төленеді екен. Ал, Т.Бекжанов валюта бағамын өзінен тиімді бағада қол жеткізуге болатынын жарнамада көрсетеді. Time.kz сайты хабарлағандай, сатып алушы Тимурдан бір биткойнның жартысын 1 284 000 теңгеге сатып алады. Артынша айлакер электрондық әмиянына 0,57 биткойн аударғаны жайында хабарлама тастайды. Шын мәнінде ешқандай аударма жасалынбаған. Компьютерді жақсы меңгерген Тимур ақшаны алып, ұшты күйлі жоғалады.

Алғашқы миллионды тапқан ол, келесі нысанаға бет алады. Кезекті сатып алушыға бір бірлігін жүз долларға өткізеді. Негізінен биткоинның нақты бағасы желтоқсан айында 10 мың долларға жеткен көрінеді. Осылайша арзандығына алданған сатып алушы 11 200 долларды Бекжановтың қолына тапсырады. Қулығын асырған алаяқ бұл жолы да қомақты қаржымен қашып кетеді. Алданған сатып алушы құқық қорғау орындарына шағым түсіреді. Сол мезетте Тимур Бекжановты тіркеп, қамауға алады. Астана қаласы Есіл ауданының судьясы Қанат Тобағалиұлының үкімімен әккі алаяқ 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Салтанат ШЫРЫНХАН

jasqazaq.kz

10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
08 шiлде, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
08 шiлде, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті