jasqazaq.kz

Жалған бақылаушылар «Оңай» картасынан ақша шешіп алып жүрген

23 мамыр 2018, 15:35

Алматы автобустарында өздерін «Оңай» бақылаушысы ретінде таныстырып, жолаушылардың картасынан ақша шешіп алып жүрген алаяқтар пайда болды.

Бұл туралы Алматы көлік холдингінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Компанияда мәлімдегендей, жалған бақылаушылар жолаушылардың «Оңай» картасын тексеру кезінде мобильді терминалдың көмегімен жол ақысын екінші мәрте шешіп алатын көрінеді.

Өз кезегінде компаниядағылар жолаушыларға қоғамдық көлік бақылаушыларына «Оңай» картасын тексеруге беруге болмайтынын ескертті. Себебі олар Алмаы көлік холдингінің де, тасымалдаушы компанияның да ресми қызметкерлері емес.

«Картаны тиісті форма киіп, бақылаушының тұлғасы мен өкілеттігі көрсетілген бейдж таққан ресми бақылаушыларға ғана көрсету керек. Егер қоғамдық көлікте жалған бақылаушыларға ұшырассаңыз, бұл туралы «Оңайдың» байланыс орталығына хабарлауларыңызды сұраймыз», – делінеді хабарламада.

Сонымен қатар,көлік холдингіндегілердің сөзінше, егер картаның шотынан екінші қайтара ақша алынса, жолаушы карта балансына ақшасын қайтаруүшін, холдинг мекен жайына шағым жолдай алады.

Сондай-ақ, көлік холдингіндегілер мұндай бұзушылық анықталған жағдайда, өздерінің бақылаушыға айыппұл сала алмайтынын мәлімдеді.

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен