jasqazaq.kz

Жалақы алмаған жұмысшылар жолды жауып тастады

15 наурыз 2018, 22:06

Алматы облысында бірнеше ай жалақы ала алмай жүрген жұмысшылар шу шығарды. Қоқыс полигонында еңбек ететіндер ашынғаннан қоқыс тиеген 30-ға жуық көліктің жолын жауып тастаған. Құрғақ уәдеге мезі болған наразы топ мердігер компаниядан маңдай тер ақыларын талап етті. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Мына адамдар қала тазалығына жауапты мекеме жұмысшылары. Таңнан кешке дейін Алматыдан шыққан қоқысты іріктеумен айналысатындар , екі ай бойына жалақы ала алмай жүр. Күнде ертеңге тойып біткендер, бүгін ашуға мініп, қоқыс төгетін полигонға кіреберісті жауып тастады. -Менің ту сыртымда қаз-қатар тізіліп тұрған Камаздар Алматы қаласының қоқыстарын тиеп, төгуге келген. Алайда, маңдай тер ақыларын ала алмай жүрген жұмысшылар көліктерді жібермей тұр. Теңге жоқтықтан тарыққан жұмысшылар өздеріне назар аудартуға басқа амал қалмағанын айтады. Әйтпесе, үйлеріндегі шиеттей бала-шаға одан сайын ашыға түспек. Күләш САДУОВА жұмысшы: -Инфекция түскеніне қарамастан істеп жүрміз ғой. Не істейміз енді?. Бала-шағаны бағу керек. Еріккенен жүрген жоқпыз. Телефонын өшіріп тастаған. Таппай жүрмыз. Ұлжан ЮСУПОВА жұмысшы: — «Субханалла» деп әбден бізді тойдырды. Елге күлкі болдық. Не сұмдық бұл? Әділдігі қайда?. Күнде ертең беремін деп алдап келеді. Қоқыс полигонында қоқыстарды жеке-жеке бөлетін 60 жұмысшы бар. Әр адам бір күндік еңбегіне 4 мың теңге алады екен. Жалақыны «Тәртіп» компаниясы төлеуі тиіс. Алайда, мердігер компания екі айдан бері хат-хабарсыз, ізім-ғайым жоқ болыпты.Әйтсе де, араға екі сағат салып, полигонда компания өкілі де бой көрсетті. Келгені сол еді ашуға булыққан топ қызметкерге бірден тап беріп, жағасына жармаса кетті. Ал, келіссөзге келген компания өкілі болса, жауап берудің орнына камерадан қашып әлек. Компания өкілі: — Мен жауап айта алмаймын. Ақшаларыңды бүгін беретін шығармыз. Алайда, бұл уәдеге жиналғандар сенбеген-ді. Бірақ, «Тәртіп» компаниясының басшылары наразылықты ести салысымен, расымен де қарыз болған жалақыны төлеуді бастап кетіпті. Бірақ мән-жайды камера алдында ашып айтуға құлықсыз.

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен