jasqazaq.kz

Зейнеткерлерді тонап келген ұры әйелдер ұсталды

17 мамыр 2018, 12:00

Астанада егде жастағы адамдардың қалтасына қол сұғып жүр деп айыпталған екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олар Павлодар облысынан келген 19 жастағы қыз бен 58 жастағы әйел болып шықты. «Күдіктілердің елорда аумағындағы бірнеше ұрлық дерегіне қатысы бар екені анықталды. Олар негізінен егде жастағы адамдарды Қазпошта бөлімшелерінің, банкоматтардың маңында, үйлердің кіреберісі мен лифтіде аңдып жүріп, тонаған. Бұл екеуі ұйымдаса әрекет еткен: бірі ештеңеден күмәнданбайтын қарияларды түрлі сұрақтармен алаңдатып, екіншісі бұл кезде олардың қалтасына қол салатын болған. Сауда орталықтарында да адамдардың бейқамдығын пайдаланып, ақша толы әмияндарын, телефондарын, басқа да құнды бұйымдарын ұрлаған», — дейді полицейлер. Қазіргі кезде күдіктілер тергеу изоляторына жіберілді. ҚР ҚК 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүріп жатыр. Олардың қала аумағындағы басқа да осы тақылеттес қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Астана ішкі істер департаменті осы тұлғалардың әрекетінен жәбір көргендерден Бейбітшілік көшесі, 19-үйде орналасқан ІІД-ге хабарласуын немесе 8(7172)71-61-71, 87751888870 нөмірлеріне қоңырау шалуын сұрайды.

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен