Зауалға қарсы күрес кішкентай қадамнан басталады

01 қыркүйек 2023, 14:39

Ұмытпасақ, бұл мәселе теледидарда атыс-шабыс кино күндіз-түні көрсетілетін «заманда», яғни екі мыңыншы жылдардың ортасында айтыла бастаған. Ол кезде қағаз газет көп шығатын, қалың бұқара газет-журнал жаздырып алып оқитын. «Көгілдір экранда бір-бірін аяусыз өлтіріп, қырып салатын шетелдің киносы қаптады. Мұны көрген бала ертең қатыгез қаныпезерге айналмай ма?!» деген тақырыпта мақала көп жарияланатын.

Теледидар тәрбиелеген сол балалар бүгінде есейіп, алды жігіт ағасы болды. Жазарман қауымның айтқаны келді ме, оған зерттеу жүргізген ешкім жоқ. Әйтсе де, адамға адамның зақым келтіруі, тіпті шыбын құрлы көрмей өлтіре салуы оңай болып кеткені шындық. Оған құқық қорғаушылардың күнделікті ақпарына көз салсақ, жетіп жатыр. Кешегі теледидарға телміргендердің ұл-қыздары бүгінде интернеттің ішіне «кіріп кеткен». Бесіктен белі шықпай жатып қолы смартфонға жабысып қалған баланың нені тамашалап, нені үйреніп жатқанын бір өзі біледі! Себебі оны бақылайтын ата-ананың өзі ғаламторға шырмалған. Сондықтан жас буынның тәрбиесіне мән беріп, зорлық-зомбылыққа қарсы стратегияны шұғыл түрде жүзеге асырмаса болмайды. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «Өзекті» YouTube-каналындағы сұхбатында осы мәселені қозғады. «Соңғы кезде қоғамның қатыгезденіп бара жатқаны алаңдатады» деген министр мынадай дерек келтірді: соңғы алты айда елімізде 252 қымыстық іс тіркелген, соның көбі жастардың арасында болған. 219 зорлықзомбылықты насихаттайтын контент анықталған. Дархан Қыдырәлі осы сұхбатында телеарналарда ережесіз жекпежек сияқты спорт түрлеріне шектеу қойылатынын айтты. Өйткені мектеп оқушылары арасында ММА әдістерін қолдану әрекеттері жиілеп кеткен. «Телеарналарда зорлықзомбылықты азайту мақсатында ережесіз жекпе-жек сияқты спорт түрлеріне де шектеу қойып жатырмыз. Себебі көп жағдайда ондай бағдарламаларды көрген жеткіншектер, әсіресе, мектеп балалары сол әдіс-тәсілдерді қолдану мақсатында кейде бірбіріне қол көтереді. Біз оны кейде байқамай, WhatsApp арқылы таратамыз. Мысалы, қыздардың немесе ер балалардың бір-бірін аяусыз ұрып жатқаны туралы видеолар шарлап жүреді. Ал сол қатыгездікті экрандағы қатыгездіктің туғызатыны белгілі», – деді Дархан Қыдырәлі. Әлбетте, күллі адамзаттың ойсанасын жаулаған ғаламторға шектеу қою – шетін іс. Дегенмен қоғам дертін, соның ішінде зорлықзомбылықты еңсеру осындай кішкентай қадамнан басталады емес пе? Ертеңгі күні, бәлкім, бетімен кеткен әлеуметтік желіні ауыздықтайтын да күн туар. Бізде бұл бағыттағы бірінші қадам деп блогерге салық төлету туралы заңды айтуға болады. Блогер енді жалған ақпарат таратқаны үшін де жауап беретін заң қыркүйекте күшіне енеді. Ал қырғыз ағайындар тіпті де «қатты кетті». Қырғызстанның мәдениет министрлігі TikTok-ты бұғаттау қажет деген шешімге келіпті. Өйткені неше түрлі бейнежазбаны көрген жасөспірім соны қайталаймын деп, жазатайым мерт болуы мүмкін. «Баланың психикасы тұрақсыз, енді ғана қалыптасып келеді. Мұндай контент өскелең ұрпақтың санасына кері әсерін тигізеді», – дейді олар. Қысқасы, орыстың «Бәрі де өз орнына қайтып келеді» («Все вернется на круги своя») деген қанатты сөзі бүгін болмаса да, ертең шындыққа айналатын сияқты.

Наргүл Мырзахмет

02 мамыр, 16:01
Түркістан: Жер қойнауын заңсыз пайдалануға қатаң тосқауыл қойылады
30 сәуiр, 13:48
Нұрбақыт Теңізбаев: Халықтың үні қашанда маңызды
29 сәуiр, 15:09
«Ұлттық қор – балаларға»: Алматы облысы алдыңғы лекте
29 сәуiр, 11:52
Нұрлан Дәулетбаев: Алматыдағы тұтынушылар құқығын қорғауға үлес қосамыз
26 сәуiр, 15:03
«Нөлдік төзімділік: Түркістан полициясы құқық бұзушылықтың жолын кеседі
26 сәуiр, 14:56
Түркістан полициясы автокөлік жүргізушілерін тәртіпке шақырды
25 сәуiр, 16:35
Түркістан: Полиция мен прокурорлар бірлескен рейд өткізді
25 сәуiр, 15:35
Түркістан полициясы алаяқтардың арбауына түсіп қалмауға шақырады
24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді