jasqazaq.kz

Заңсыз казино иесі 1 млн теңге пара ұсынған

22 мамыр 2018, 17:47

Қызылорда қаласындағы саунаның бірі мен жалдамалы пәтерде астыртын казино ашқан 33 жастағы қызылордалық азамат А.У екі жылға бас бостандығынан айырылды.

Ол үстіміздегі жылдың қаңтар айында ұсталды. Жергілікті мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметі бұл деректі анықтады. Саунаны тінту барысында 535 мың теңге мен 645 доллар, покер үстелі, фишкалар және ойын картасы айғақ заттар есебінде тәркіленді. Ол заңсыз ісін қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінде де жалғастырған. Қос казиноның иесі болған жігіт қылмыстық істі тоқтату мақсатында экономикалық тергеу қызметкерлеріне 1 млн теңге пара ұсынған. Бұл тағайындалған жазаны ауырлата түсті. «Қылмыстық істі тергеу барысында саунадағы заңсыз казино мен жалдамалы пәтердегі казино бір өндіріске біріктірілді. Соның нәтижесінде қылмыстық іс сотқа жолданып, оған қатысты үкім шықты», — дейді облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Ардақ Биғалиев. Қазіргі таңда аталған азамат Қызылорда қаласының №2 сотының үкімімен екі жылға бас бостандығынан айырылды.

ҚазАқпарат

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен