jasqazaq.kz

Заң және тәртіп: Астанада вандализм үшін 300-ден астам адам жауапқа тартылды

04 желтоқсан 2024, 19:37

Астана қаласы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Әділбеков өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте елордада өткізіліп жатқан «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы туралы айтты, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.
Қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін биылғы жылдың 16 қыркүйегінен 15 желтоқсанына дейін елорда аумағында «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізу жоспарланды.

Жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде пәтерлер мен аулаларды аралау жүргізіледі. Тұрғындар өздерінің аумақтық учаскелік инспекторларымен танысып, оған өздерін толғандырған мәселелерімен жүгіне алады.

«Жалдамалы пәтерлерде тұратын адамдар бөлек тексеріледі. Жаңадан анықталған жалға берілетін тұрғын үй туралы ақпарат салық заңнамасының сақталуын тексеру үшін Мемлекеттік кірістер органдарына жіберіледі. Жалпы жедел-алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері 380 мыңнан астам пәтер мен 28 мың жеке меншік үй иелері тексеруден өтті», — деді Ержан Әділбеков.

Сонымен қатар заңдылықтың басқа да бұзушылықтары анықталуда. Барлығы 24 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
«Жедел-алдын алу іс-шарасы барысында ішкі істер органдарының профилактикалық есептерінде тұрған адамдар қосымша тексеріледі. Сот белгілеген тыйымдар мен шектеулерді бұзудың 64 фактісі анықталды, 19 есепке алынушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деп толықтырды Ержан Әділбеков.

Айта кету керек, заңдылықтың кез келген бұзылуына «нөлдік төзімділік» қағидаты аясында жүзеге асырылатын вандализмнің жолын кесу жұмыстары жандандырылды.

«Жыл басынан бері 147-1-бап бойынша бөтеннің мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені үшін 338 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, соның ішінде 125 адам қамауға алынды, 177 адамға айыппұл салынды. Ұсақ бұзақылық жасау фактілері бойынша 2 071 адам жауапқа тартылып, оның 628-і қамауға алынды, 1220 адамға айыппұл салынды», — деді спикер.

Бұдан бөлек, қалалық инфрақұрылым мен жалпы үй мүлкінің зақымдану фактілерін анықтау бойынша мамандандырылған жергілікті рейдтік пысықтауларды тұрақты жүргізу ұйымдастырылды. Жыл басынан бері барлығы 1000-нан астам осындай іс-шаралар өткізілді.
Вандализмнің алдын алу жұмыстары қалалық прокуратура мен полиция департаментінің үйлестіруімен жүргізіледі.

JQ-Aqparat 

Сурет: Астана әкімдігі

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда