jasqazaq.kz

Ұзынағашты су басты

28 ақпан 2018, 11:18


Ұлттық гвардияның әскери қызметшілері сейсенбі күні кешке Алматы облысының Ұзынағаш ауылындағы су басқан үйлердің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшірді.Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Алматы облысының бес ауданы мен Талдықорған қаласындағы үйлерді бірнеше күннен бері еріген қар суы басып жатыр. Аудан билігі жергілікті ауқымда ТЖ режимін жариялап, әскерилерді көмекке шақырды.

«Сағат 20:00 шамасында жеке құрамның күшімен Қонаев көшесіндегі үш үйдің тұрғындары көшірілді. Апаттан құтқару жұмыстарын жүргізуге 90-нан астам әскери қызметкер және 10 техника бөлінді», — деп жазылған Ұлттық гвардияның хабарламасында.

Ұлттық гвардияның әскери қызметкерлері ауылдағы жұмысты жалғастыруда: арықтарды тазалап, құм салынған қаптардан бөгет жасап, ауыл тұрғындарына үйдің ауласынан еріген қар суын шығаруға көмектестіп жатыр.

30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді