jasqazaq.kz

Қызыл кітапқа енген 100 келі балықты Атыраудан алып кетпекші болған

22 сәуiр 2017, 12:14

Атырауда 100 келі қортпа етін алып кетуге жол бермеді.

«Теміржол вакзалына беттеген автокөліктен бекіре тұқымдас балық — қортпа табылды. Балық Ақтөбе қаласының тұрғынына тиесілі. Оның айтуынша, ол қортпаның әр келісін 4 мың теңге төлеп, белгісіз адамнан сатып алған. Бұл факті ҚР ҚК 339-бабы «Бекіре тұқымдас балықтарды сақтау, тасымалдау және сатып алу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарының бірыңғай реестріне тіркелді», — деп хабарлады Атырау облыстық ІІД балық қорына қылмыстық қолсұғушылық әрекеттерге қарсы күрес бөлімінің бастығы Серік Жанзақов. Еске салайық, Қазақстанның бастамасымен Каспий теңізінде бекіре тұқымдас балықтарды аулауға мораторий жарияланды. Балықшылардың аулаған балықтары құртшабақ өсіру үшін арнайы зауыттарға жеткізіледі. Қортпа — бекірелер тұқымдасына жататын сирек кездесетін балық, Қызыл кітапқа енген. Балықшылар оны көбейту үшін бірнеше жылдар бойы біреуін де аулай алмай келген еді. ҚазАқпарат хабарлағандай, биыл 160 келілік бір қортпа ауланды, одан осы аптада 30 келі уылдырық алынды. Одан миллиондаған шабақ өсіру жоспарлануда.

 

15 мамыр, 12:25
Бибігүл Дандығараева: Ұлттық құрылтай – елдің даму бағдары
14 мамыр, 16:42
Маржан Арапбаева: «Бақыттырақ болу үшін, мұрнымды жасаттым» (Видео)
14 мамыр, 16:16
Түркістан: егістік сусыз қалмайды
14 мамыр, 15:14
Түркістан облысында 14 индустриалдық аймақ жұмыс істейді
14 мамыр, 15:02
Түркістан: 41 мектепке жаңғырту жұмыстары жүргізіледі
14 мамыр, 14:50
Түркістан: Жол жөндеу жұмысы қарқынды
06 мамыр, 13:50
Алматыда Tabiğat Labs-тың жаңа маусымы басталды
05 мамыр, 16:31
Телефон алаяқтарының арбауына түскен 25 жастағы жігіттің оқиғасы: “Бәрі бір қоңыраудан басталды…”
04 мамыр, 21:28
Ғибратты ғұмырдың жетпіс жетінші көктемі