Хорватияда суға салса батпайтын, отқа салса жанбайтын адам тұрады. Фране Селак осыған дейін талай апатқа ұшырса да дін аман. 1962 жылы Селак мінеген пойыз биік көпірден суға құлапты. 17 жолаушы көз жұмып, жалғыз Фране су астынан тірі шыққан. Тек қолы сыныпты.
Одан кейін Американың киноларындағы сияқты өлмейтін адам ұшақтан құлаған. Бұл жолы да су ішері бар екен. Тағы бір жолы Фране мінген автобус апатқа ұшырайды. Бірақ ол тірі. Кейін өзі тізгендеген көлігімен жүк көлігіне соғысып, тағы тірі қалады. Айтқан адам сенгіссіз оқиға. Дегенмен бағы бес елі екен. 2003 жылы Селак лотареядан миллион доллар ұтады. Жасы 90 ға таяп қалған хорваттық қарияны жұрт «әлемде ең жолы болғыш адам» деп атайды.