jasqazaq.kz

Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына көмек көрсетіледі

26 желтоқсан 2024, 10:52

Ақтаудағы ұшақ апатынан кейін жедел құрылған Үкімет комиссиясы штаб отырысын өткізді, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Маңғыстау облысы әкімдігінің мәліметінше, Премьер-министрдің орынбасары төтенше жағдайлар, ішкі істер, денсаулық сақтау министрліктері, Азаматтық авиация комитеті өкілдерінің есептері тыңдалды.
Төтенше жағдайды реттеу үшін Үкімет барлық қажетті шараларды қабылдайды. Вице-премьер Қанат Бозымбаев құтқару жұмыстарын жалғастыру, зардап шеккендерге қолдау көрсету және қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсету бойынша тапсырма берді.
Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың отбасыларына қаржылай көмек көрсетіледі. Сондай-ақ Маңғыстау облысына келген қаза болған шетелдік азаматтардың жақындарына да қажетті көмек беріледі.

Кеше вице-премьер Қанат Бозымбаев Ақтауға барып, апаттан аман қалған адамдардың хал-жағдайын білді.
JQ-Aqparat
Сурет: sputnik.kz 

30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет