jasqazaq.kz

Үнемі бірге жүреміз: Баянауыл ауданында төрт келін дауыс беруге келді

06 қазан 2024, 14:23

Тасыбаевтар әулетінің келіндері  Қызылтау ауылдық округінде №194 учаскеде таңдау жасады.

Ауызбіршілікті ұстанған, бес саусағынан өнер тамған өнерлі келіндер бүгінгі ел болашағы үшін маңызды күнде бірліктің үлгісін көрсеткен.

Бір әулеттен шыққан сегіз келіннің төртеуі бір отбасынан болса, төртеуі – немере келіндер.

» Біз той-думандарда үнемі бірге жүреміз. Төрт абысын ауылда тұрса, төртеуі қалада тұрады. Ең үлкен абысынымыз Рымгүл Тасыбаева «Жұлдыз» шағын орталығының тәрбиешісі. Оның өзінің келіні бар. Ата-енемнің қолында жеті келін болса, мен – ең кенжесімін», – дейді бастауыш сынып мұғалімі Назым Тасыбаева.

Ауылдың көркеюіне үлес қосып келе жатқан әулеттің балалары мен немерелері түрлі салада – ұстаздықтан бастап, мемлекеттік қызмет саласында еңбек етуде.

Айта кетейік, Тасыбаевтар әулетінің келіндері Алматыда өткен республикалық «Абысын-ажын» ІІІ республикалық байқауында жүлделі ІІ орынды иеленген.

Pavlodarnews.kz 

31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?