jasqazaq.kz

Үндістанда 21 млн қыз «керек емес» болып танылды

30 қантар 2018, 12:41


Үндістан үкіметінің мәлімдеуінше, елдегі ата-аналар қыздардың орнына ұл баланы қалауына қарай, 21 миллион «керек емес» қыз анықталыпты. Яғни соншалықты қыздың орнына ата-аналары ұл бала болуын қалайды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі bbc басылымына сілтеме жасап.

Қаржы министрлігінің есебіне сәйкес, Үндістандағы көп жұп ұл туғанша дүниеге бала әкеле берген. Бұл отбасылардың ұлды болудағы қалауын көрсетеді. Тек көп қыз туа берсе, қыздарға арналған ресурстардың азайып қалуына әкеп соғуы мүмкін.

Ведомство берген ақпаратқа сүйенсек, Үндістанда 63 миллион әйел «іс-түссіз жоғалған». Өйткені, ұлды болғысы келгендердің көбісі аборт жасатқан. Яғни, ата-аналар 63 миллион қыз баланы тумай жатып алдыртып тастаған.

Үндістанда бала дүниеге келмей жатып, оның жынысын анықтауға заңмен тыйым салынады. Бірақ бұл заңды бұзып жатқандар бар және ата-анасы жатырдағы баланың қыз екенін білсе, аборт жасатуы мүмкін.

10 шiлде, 19:27
Түркістан: Мақсат - жаңа өндіріс орындарын іске қосу
09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
08 шiлде, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
08 шiлде, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті