jasqazaq.kz

Ұлытау облысында бірнеше ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды

02 қазан 2024, 10:47

Ұлытау облысында соңғы бір айда қала құраушы кәсіпорындарда әрекет еткен бірнеше қылмыстық топ ұсталды. Polisia.kz сайты хабарлағандай, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері “Қазақмыс корпорациясы” ЖШС қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, қымбат металл қорытпаларын ұрлауды жолға қойған қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті.

 

Топқа аталған кәсіпорынның қызметкерлері де кірген. Күдіктілер кәсіпорыннан 6,5 млн теңге өнімін ұрлау кезінде ұсталды. Қазіргі уақытта олардың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Сондай-ақ полиция 2022 жылдың наурыз айында жергілікті кәсіпкерден 20 млн теңге бопсалаған тағы бір топ мүшелерін құырқтады. Жәбірленушіні жалдамалы пәтерге алдап алып келіп, физикалық күш қолданып, қару-жарақпен қорқыту арқылы ақша талап еткен.

Сонымен қатар 2018 жылы орын алған жергілікті тұрғынды өлтіруге оқталу әрекеті әшкереленді. Жергілікті криминалитеттен құралған қылмыстық топ анықталды. Оған қатысушылар қазіргі уақытта басқа қылмыстар жасағаны үшін жазасын өтеп жатыр. Кісі өлтіруге оқталу әрекеті жасалған тапанша тәркіленді.

Көрсетілген фактілер бойынша барлығы 17 адам ұсталып, ішкі істер органдарына жеткізілді. 20-дан астам тінту шаралары өткізілді, нәтижесінде 5 атыс қаруы, оқ-дәрілер, пышақтар және экстремистік сипаттағы діни әдебиеттер тәркіленді. Барлық факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Өңірлерде қылмыстық топтардың қызметіне жол бермеу жұмыстары жалғасуда, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

JQ-Aqparat 

31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?