jasqazaq.kz

Ұлыбританияда оқитын қазақ баласының елге хаты

01 маусым 2018, 15:53

Еліме хат

Сәлем, Рахымбердімін, жасым онда. Мен әлемдегі ең сұлу қала Астанада тудым. Астана – армандар мен тілектер жүзеге асатын болашақтың қаласы. Generation Next журналының елшісі ретінде Ұлыбританиядағы тылсым өмірім жайлы, ағылшын шахматына қалай келгенім жайлы айтып берейін.

Мен Лестердегі Тейлор-роуд бастауыш мектебінде 5-сыныпта оқимын. 7 жасымнан бастап шахмат ойнаймын. Шахмат маған жаңа әлемге есік ашты. Мұнда келген алғашқы күнімнен бастап елімді, Қазақстандағы сыныптастарымды сағына бастадым. Бұрын Астана қаласындағы физика-математикалық мектепте оқығанмын. Сағынғанымды ұмыту үшін бос уақытымды шахмат ойнауға арнадым. Алдымен жаңа өлкеден жасөспірімдерге арналған Шахмат клубын іздедік. Басында ағылшын тілінде сөйлеу қиын болды. Маған оcындағы достарым мен жаттықтырушым Пол Моттрам ағай көп көмектесті.

Ұлыбританияда білуімше 65 миллион адам тұрады, олардың ұлттары да, салттары мен діндері де әртүрлі. Шахматқа деген махаббатымның арқасында осы таңғажайып елді зерттеп, саяхаттап жүрмін.

Шахмат әлемінде атым қалу үшін Қазақстандағы тренерім үйреткен әдістерді қолдандым. Ол ағылшындарға ұнады. Мұның бәрін қайдан үйрендің, қай елден келдің деп таң қалды. Мен мақтанышпен Қазақстан дедім. Сосын Open at the HE Atkins Memorial Rapid деп аталатын турнирге шақырды. Жарыста U115 категориясы бойынша 1-орын алдым. Қатты қуанғаннан одан сайын шахмат ойнағым келді. Бірақ олардың шахмат ережесі мен стилі біздікіне мүлдем ұқсамайды. Көп ізденісті қажет етті.

Қазақстанда классикалық шахмат ойнаймыз ғой, ал Англияда Рапид форматында бір күн бойы 5-6 раундқа шығасың. Бастысы ойлануға 10 секундқа артық уақыт береді. Мені тағы да Чемпионатқа шақырды. Ол кездегі эмоциямды жеткізе алмаймын. Барлығы ақылды балалар, бір бірінен асып түседі. Жеңемін деген сеніммен келген екен. Сөйтіп Лондонда өтіп жатқан Шахмат Чемпионатынан 3-орын алдым. Кейін бұл Чемпионат 1931 жылдан бастап 87 жыл қатарынан өткізіліп келгенін білдім. Бұл менің кішкентай өмірімдегі – тарих. Ең қызығы құттықтау салтанаты болды. Қарапайым медаль мен кубок күттім. Бермеді. Орынан бізге ақшаға айырбастап алатын банктің чегін берді. Мұнда осылай марапаттайды екен.

Ұмытып барамын, Chess Championship шахмат жарысында Лестер Юнион командасының капитаны болдым, біздің топ 2-орын алды. Қазақстанның шахматы әлі даму үстінде болғанмен мұғалімдер мықты. Менің Англиядағы жетістіктерім алдымен: “Шахматта ең алдымен өзіңе сену керек, сосын жігер мен ықылас керек” деп үйреткен Конторбаева Жамал Каскарбекқызының арқасы.
Халықаралық турнирлерге қатысқан ұнайды. Әр елден келген жаға достар табасың. Бір-бірімізді түсінбей жатсақ та шахматтың тілі бәрімізге ортақ қой, достасып кетеміз. Өмірімнің бөлшегіне айналған қызығушылық тапқаныма қуанамын. Командаммен және ағылшындық тренерім Пол ағаймен бірге Бирмингем, Лидс, Ноттингем, Реддич, Линкольн, Илкли, Регби, Нортгемптон сынды қалалар мен сан ғасырлық тарихы бар мектептерді, соборлар мен университеттерді араладық. Мұнда қалалар мен ғимараттар ескі болса да көз тартатын сұлу, ал саябақтары жап-жасыл.
Ағылшындық мектептердің білім беруі де ерекше, біздікіне мүлдем ұқсамайды. Олар өз жүйесімен мақтанады. Бірақ плюс жақтарынан бөлек минус жақтары да бар. Ол басқа әңгіме… Келесі жолы жазып жіберемін.

Сау болыңдар, достарым! Англиядан сәлеммен Серік Рахымберді!

Бүгін, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
Бүгін, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
Бүгін, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді