jasqazaq.kz

Ұлыбритания Ресейдің 23 дипломатынан елден кетуді талап етті

15 наурыз 2018, 10:36

Британия Ресеймен барлық екі жақты байланысты тоқтатпақ. Сонымен қатар, жоғары лауазымды шенеуніктер мен король отбасының мүшелері 2018 жылғы Әлем чемпионатына бармайды, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Риа Новости басылымына сілтеме жасап.

«Скрипаль ісіне» байланысты ресейлік 23 дипломат Ұлыбританиядан шығарылады. Бұл туралы ел премьер-министрі Тереза Мэй парламент алдында мәлімдеді.

Британия Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлияның улануына Ресей Федерациясы кінәлі деп есептейді.

«Бұл жағдайдан кейін екіжақты қатынасты бұрынғы деңгейде қалдыра алмаймыз… Сондықтан біз қарым-қатынастың барлығын тоқтатамыз. Сонымен қатар Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа жіберілген шақыруды кері қайтарамыз», — деді Мэй.

СІМ Сергей Лавров Скрипальдің улануына Мәскеудің қатысы бар деген кінәмен келіспейді. Бірақ егер Лондон тарапы Химиялық қаруға тыйым салу туралы конвенция (ХҚТК) аясында өз міндеттерін орындаса, Ресей Ұлыбританиямен ынтымақтастыққа келуге дайын екенін мәлімдеді.

Ол Ресей Лондоннан ешқандай да хат алмағанын айтты. Негізінен Ұлыбритания оны ХҚТК-ға сәйкес жолдауы тиіс болатын. Сонымен қатар, химиялық қару әзірледі деген айып тағылып отырған ел аталған заттың дәлелін не бір бөлшегін алуға толық құқылы.

Лавровтың айтуынша, Ресей Скрипаль ісіндегі барлық материалға кіруге, сонымен қатар ол уланған затты көруге рұсат беруі үшін Лондонға ресми түрде хат жолдаған.

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен