«Ұлы дала дастаны»

17 қыркүйек 2021, 14:11

 

Журналист һәм суретші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Көркем академиясының академигі. 40-тан аса халықаралық және республикалық көрме, симпозиумдардың тұрақты мүшесі. Туындылары Қытай, Ресей, Түркия, Венгрия және тағы басқа елдердің жеке коллекцияларында сақталған.

Алматы. Көрмеден көрініс. 2 шілде, 2021 жыл

Алматы. Көрмеден көрініс. 2 шілде, 2021 жыл

Біз қос қаламды да қолынан тастамай, қатар алып жүрген Сейсенхан Маханбет туралы айтып отырмыз.

Сейсенхан Орынбекұлы Маханбет биыл 60 жасқа толды. Тума талантын еңбекқорлықпен ұштастырған дара тұлғаның мерейтойы Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа-тұс келді. Туған өлкесі Түркістанда соған орай көрмесі ұйымдастырылды. Мұнда шебердің қолынан шыққан 60-қа жуық туындысы қойылды. Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен «Ұлы дала дастаны» кітап-альбомы жарық көргені өз алдына.

Шілде айының басында «Ұлы дала дастаны» көрмесі Алматыда өтті. Ашылу салтанатында сөз алған Сейсенхан Маханбет өзіне қолдау көрсеткендерге ыстық ілтипатын білдіріп: «Бейнелеу өнеріне бұған дейінгі көзқарас солғын еді. Жағдай енді-енді түзеліп келеді. Бұл игі істің бастамасы болар» деген үмітін жасырмады.

Елорда кеші

Елорда кеші

Наурыз

Наурыз

Шарындағы кездесу

Шарындағы кездесу

Жалаңтөс Баһадүр

Жалаңтөс Баһадүр

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған көрме өзге өңірлерді де аралап, ең ақырында Нұр-Сұлтанда салтанатты түрде өз жұмысын аяқтайды.

Сейсенхан Орынбекұлының білікті журналист екенін, көптеген діни басылымдардың жарық көруіне атсалысқанын көпшілік біледі. Ең алғаш республикалық «Иман» діни-танымдық газетін, одан кейін «Ислам әлемі», «Ислам және өркениет», «Қазақстан өнері – Искусство Казахстана» сияқты газет-журналдарды дүниеге келтіріп, олардың бас редакторы болды.

 

Шапыраштының анасы – Жұпар ханым

Шапыраштының анасы – Жұпар ханым

Шәмші

Шәмші

 

Ал суретші ретінде Сейсенхан Маханбет туған елдің тарихын, әсем табиғатын бояу тілімен жеткізе білді.

Алматыда өткен көрмеде сөз алған белгілі журналист, «Ана тілі» газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай ағамыз айтпақшы, ол суреттерді көзбен көру керек.

Наргүл Мырзахмет

24 сәуiр, 14:05
Алматы: «Қарызсыз қоғам» қаржыны тиімді жұмсауға үйретеді
22 сәуiр, 15:46
Түркістан полициясы ұрыны ізін суытпай ұстайды
22 сәуiр, 14:37
Түркістан: Террористік тұрғыдан осал нысандар тексеріліп жатыр
22 сәуiр, 14:00
Түркістан полициясы интернет-алаяқтыққа қарсы пәрменді күрес жүргізеді
18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады
17 сәуiр, 15:44
Түркістан: Сайрамдық полицейлер алаяқтықтың алдын алды
16 сәуiр, 12:24
Түркістан: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол берілмейді
16 сәуiр, 12:05
Қайрат Нұрқасымов: Алматы Индустриялық аймағы – қала экономикасына серпін береді
12 сәуiр, 20:37
Түркістан: Полиция полковнигі жастарға есірткінің зардабын түсіндірді