jasqazaq.kz

Ұлттық күрес қайта жаңғырды

08 мамыр 2018, 16:34

Іле Алатауының етегінде еліміздің 1000-нан астам палуандары «Белдесу» ұлттық күресі бойынша өткен алғашқы республикалық турнирге қатысуда. Бұл олимпиадалық емес ойындардың әлемдік желісіне ресми түрде енген ең көне ұлттық күрес түрі.

Турнирді ашқан Алматы әкімі Бауыржан Байбек Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда бүгінгі күні ұлттық спорт түрлерін дамытуға ерекше назар аударылуда екенін айтты. Қазақстандықтар арасында «Аламан бәйге», «Қазақ күресі», «Аударыспақ», «Жамбы ату», «Көкпар» бойынша жарыстар кеңінен танымал болуда. Өз кезегінде қазақ күресі федерациясының басшысы Қанат Бозымбаев «Белдесу» ұлттық күресі жастарға патриоттық тәрбие берумен қатар еліміздің жаңа чемпиондарын ашуы мүмкін екенін айтты. Аттары аңызға айналған Қажымұқан, Балуан Шолақ сынды палуандар осындай сайыстарға қатысқан еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Халық барысы» жобасының идеялық қолдаушысы Арман Шораев «турнирге ниет білдіргендердің барлығы, соның ішінде 18-ден 50 жасқа дейінгі шетелдік спортшылар да қатыса алады» деді. Жарыстың алдында барлық спортшылыр медициналық бақылаудан өтеді. «Әрбір жекпе-жек 5 минутқа созылады. Егер палуанның біреуі жерге құласа немесе тізесімен, қолымен, денесінің өзге бөлігімен жерге тірелсе, жеңілген болып саналады. Есеп тең болса, онда 3 минут қосымша уақыт беріледі. Бұдан кейін де жеңімпаз анықталмаса, онда қатысушылар салмақ өлшеуден өтеді. Жеңіс салмағы ең төмен спортшыға беріледі», — деді Арман Шораев.

Бүгін, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
Бүгін, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен