«Қайрат Сұнтаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
«Қайрат Иматұлы Сұнтаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының басшысы қызметіне тағайындалды, — делінген Ақорданың хабарламасында. Сондай-ақ, Президенттің Талғат Татубаевты бюро басшысы қызметінен босатқаны айтылады.