jasqazaq.kz

Ұлттық банк доллардың күрт қымбаттау себебін түсіндірді

28 қараша 2024, 15:32

Бүгін Астана, Алматы және Шымкентте доллар 525-526 теңгеден сатылып жатыр. Ұлттық банк валюта нарығындағы ахуалға қатысты хабарлама таратты.

Онда бірқатар іргелі факторлардың нашарлауы теңгенің долларға шаққандағы бағамының өсуіне алып келгені айтылған. Қазір биржадағы сауда-саттық 1 АҚШ доллары үшін 518-519 теңге аралығында өтіп жатыр. Кешеден бері 2,4 пайызға әлсірегендіктен, 28 қарашадағы ұлттық валютаның орташа сараланған бағамы АҚШ доллары үшін 512,58 теңге болды.
Валюта бағамына сыртқы және ішкі факторлар да әсер етеді.

Ұлттық банктің мәліметінше, доллардың жаһандық нығаюы, шикізат құнының өзгеруі және әлемдегі геосаяси жағдайдың шиеленісуі сияқты бірқатар сыртқы іргелі факторлардың өзгеруі аясында дамушы нарықтардағы валюталардың теріс динамикасы барлық жерде байқалады. Негізгі әлемдік валюталарға қатысты доллар бағамын бақылайтын DXY индексі ай басынан шамамен 2,2 пайызға нығайып, бүгінгі күні 106,2 пунктке дейін өсті. ЕМ валюталарының индексі ай басынан 3,0 пайызға төмендеді.

«Доллардың күш алуы – шикізат таурлары үшін әдеттегідей теріс фактор. Мұнай бағасының тым құбылуы, сол секілді, Д.Трамптың президенттік кезеңінде АҚШ-тан мұнай жеткізілімдерінің артуы мен мүмкін болатын сауда баждарына қатысты ұсыныстың артуына әкеледі деген экономистердің болжамдарынан пессимистік сарын байқалады.

Ресей Федерациясының қаржы секторына қарсы жаңа санкциялар енгізу аясында елдің негізгі сауда серіктестерінің бірінің валютасы – Ресей рублі әлсірей түсті. Осылайша, биржада юань/рубль жұбының бағамы юань үшін 15,1 рубльге жетіп, қараша айының басынан бастап 11,2 пайызға әлсіреді. Forex Халықаралық валюта нарығындағы доллардың айырбас бағамы 1 доллар үшін 114,5 рубльден асты. Ал рубль айдың басынан бастап 18 пайызға әлсіреді», — делінген хабарламада.

Ұлттық банк ішкі валюта нарығында экономикалық агенттер тарапынан шетел валютасына сұраныстың артуы және ұсыныстың шектелуі, оның ішінде айырбас бағамының психологиялық деңгейін еңсеру аясында байқалғанын атап көрсетті. Мәселен, осы жылдың қараша айында сауда-саттықтың орташа тәуліктік көлемі 238 млн долларды құрады, бұл өткен жылдың қараша айынан (193 млн доллар) 1,5 есеге жуық және тамыз-қыркүйек айларындағы сауда-саттықтың орташа тәуліктік көлемінен едәуір жоғары.

Міне, осы аталған факторлардың жиынтығы теңге бағамына қысым жасайды, жекелеген кезеңдерде сауда-саттық барысында алып-сатарлық қысымға жағдай жасай отырып, валюта нарығындағы теңгерімді бұзғаны және өтімділіктің төмендігі байқалады. Тұрақсыздандыратын ауытқуларды болдырмау, теңгенің айырбас бағамының артық құбылмалылығын тегістеу үшін және шетел валютасын ұсынуды қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық Банк валюталық интервенциялар жүргізеді.

Хабарламада айтылғандай, Ұлттық Банк валюта нарығындағы ахуалға тұрақты мониторинг жүргізеді. Еркін бағам құру режимі жағдайында Ұлттық Банк айырбас бағамының қандай да бір деңгейіне бағытталмайды және оның трендіне кедергі келтірмейді, оның қалыптасуы іргелі факторларға сәйкес одан әрі жүзеге асырылатын болады.

Қаржылық тұрақтылық тәуекелдері және іргелі факторларға сәйкес келмейтін айырбас бағамының шамадан тыс құбылмалылығы туындаған жағдайда, Ұлттық Банк әділ бағам түзілуін қалпына келтіру және валюта нарығының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін валюталық интервенциялар жүргізуді жалғастыруға дайын.

JQ-Aqparat

Фото: kursiv.kz

30 желтоқсан, 12:34
2026 жылы елімізде не күтіледі? (Видео)
26 желтоқсан, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды