jasqazaq.kz

«Үкілі үміттің» сенімі ақталды

22 қараша 2018, 16:42

Талғар қаласының Мәдениет үйінде «DANALI Production» және «DANALI» @danali_prod музыкалық мектебінің  ұжымы мен өнерпаздары және»Жақсылықта жарысайық» еріктілерден құралған қайырымдылық тобының қолдауымен ұйымдастырылған «ҮКІЛІ ҮМІТ» атты  қайырымдылық концерті өткен болатын.

Аталмыш концертте қазақ эстрадасының жарқын жұлдыздары Алма Аманжолова, Руслан Мамытов, Иса Әлимұсаев пен бірге   Нұрсұлтан Нұрбердиев, Самат Рыскелдиев, «Алатау серілері», Салтанат Құдайбергенова,  «DANALI» музыкалық мектебінің оқушылары, «Royal Blood», «RAYYAN»  тобы,  Намила Ауғамбаева және тағы да  басқа жас өнерпаздар өнер көрсетті.

Концерттің соңында «DANALI» музыкалық мектебі мен DANALI production» -ның директоры, психолог-нумеролог, продюсер Айгүл Түзелбайқызы сөз сөйлеп, қатысушылар мен келген көрермендерге, өнер көрсеткен кеш қонақтарына алғысын білдірді. Сондай-ақ концерттен түскен қаржы сахнада I топтағы мүгедек, 29.07.1997 жылы туған Бақдәулет Бердиярұлы Әмірxановтің отасының еміне жұмсалу үшін Бақдәулеттің анасына 275 725 тг табыс етілді.

«DANALI Production» ұйымдастырған қайырымдылық концерті Талғар жұртшылығының көңілінен шығып,  өнерпаздардың өнеріне тамсанған жұртшылық  ризашылығын білдірді.

 

13 маусым, 13:49
Түркістан: Инклюзивті қоғам құру бағытында
13 маусым, 11:59
«KitapХАН». Түркістандағы өрендерді рухани құндылыққа баулитын жоба
12 маусым, 14:57
Түркістан: Әлеуметтік нысандар көбейіп келеді
12 маусым, 14:46
Түркістан: Арыста биыл 26 инвестициялық жоба жүзеге асырылады
12 маусым, 14:04
Қытай сапары аясында Түркістан облысында сарымсақты терең өңдеу ісін бастау бойынша келіссөздер жүргізілді
11 маусым, 12:59
Түркістан: Әлеуметтік дамудағы қарышты қадамдар
11 маусым, 12:57
Түркістан: Отырар мен Созақ аудандарында жол жөндеу жұмыстары қарқынды
10 маусым, 18:22
Айдын Сайлаубай: «Жайлы мектеп» – баланың болашағына салынған инвестиция
10 маусым, 14:57
Түркістан: Экономиканың дамуына серпін беретін туризмді дамыту – басты назарда