jasqazaq.kz

ҰҚК: Сириядан келген қазақстандықтар радикалды көзқарас ұстанып жүр

06 наурыз 2018, 11:35

Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сириядан келген қазақстандықтар туралы ақпаратты жариялады.

«Өздеріңіз жақсы білесіздер, xалықаралық террористік ұйымдар Сирия мен Иракта жеңіліс тапты. Сондықтан ондағы содырлар отбасыларымен бірге басқа жерге, соның ішінде өз елдеріне қоныс аударуда. Мысалы, қазіргі кезде Қазақстанға 125 азамат қайта оралып, олардың 57-сі сотталды, қалғандары бақылауда. ҚазАқпарат хабарлағандай, бұл жерде назар аударатын маңызды мәселе, қайтып келгендер радикалдық көзқарасты ұстануда. Олармен профилактика мен бейімдеу жұмыстары жүргізілуде», — деді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков. Оның айтуынша, экстремизм мен терроризмді насиxаттау қарқыны қазақстандық қоғамда радикалдануға себепші болатындай жоғары деңгейде сақталуда. «Сондықтан осы және басқа да факторлар терроризм мен діни экстремизмге қарсы мемлекеттік күрес жүйесін одан ары дамыту қажеттігін көрсетіп отыр», — деп атап көрсетті Н.Білісбеков. Айта кетейік, Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмге қарсы күреске арналған бесжылдық бағдарламаны таныстырды. Министрлер кабинеті аталған құжатты мақұлдады.

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен