jasqazaq.kz

ҰҚК діни экстремизмге қатысы бар бес адамды ұстады

12 қараша 2024, 12:08

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы облыстық прокуратурасының үйлестіруімен, полиция органдарының қатысуымен Алматыда, Алматы және Ұлытау облыстарында діни-экстремистік әрекеттерді ұйымдастырды деген күдікпен 5 қазақстандық азаматты ұстады.

Сонымен қатар, тыйым салынған ұйымның әрекетіне қатысқандығы белгілері бойынша 17 адамға «шығуға болмайтындығы туралы қол қою» түрінде бұлтартпау шарасы қолданылған. Фигуранттардың тұрғылықты жерлерін тінту барысында діни әдебиеттер мен басқа да заттай дәлелдемелер алынды. Бұлардың төртеуі бұрын экстремистік қылмыстар жасағаны үшін сотты болған. Тоғызына тыйым салынған ұйымның қызметіне қатысуға жол берілмейтіні туралы ресми ескерту жасалған.

Қазір Қылмыстық кодекстің 405-бабы 1 және 2-бөліктері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

JQ-Aqparat
Суреттер: ҰҚК баспасөз қызметі

31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?