jasqazaq.kz

Василий Левит екінші қарсыласын да нокаутқа жіберді

09 маусым 2018, 0:09

Бүгін ҚР Президентінің 2018 жылғы Кубогында Василий Левит кезекті қарсыласын да нокаутқа түсірді. Бұл жөнінде Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлайды.

Еске сала кетейік, Левит 1/8-де үнділік Санджитпен жекпе-жегін аяқтаған болатын. Ширек финалдың бірінші раундында қытайлық Ван Жибаоны нокаутқа түсірді. Жартылай финалда Василийге қарсы 2015 жылғы Еуропа ойындарының қола жүлдегері ресейлік Садам Магомедов шығатын болады. Бокстан ҚР Президентінің Кубогында 10 салмақ дәрежесіндегі ерлер және төрт салмақ дәрежесінде әйелдердің жартылай финалистері анықталды. 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі әлемнің екі дүркін чемпионы Назым Қызайбай тайландтық Тантип Ваннапромды жеңіп, жартылай финалда жапон спортшысы Намики Цукумимен кездеседі. Тағы бір жапондық боксшы Хирута Мицуки бүгін Назым Ищанованы жеңді; финалға шығу үшін Мицуки Дәметкен Келімбетпен сынға түспек.

Қазақстанның 2018 жылғы чемпионы Римма Волосенко (60) жартылай финалда үнділік Приянка Чодримен кездеседі. Чодри Қазақстанға жиі келеді, осы жылы-ақ Щучинскіде өткен ТМД Кубогында қола медальді иеленген. Бүгін жартылай финалға әлем чемпионы Қайрат Ералиев (56) шықты, оған Өзбекстан өкілі Шахобиддин Зоировпен кездесу бұйырып тұр, дәл солай Теміртас Жүсіпов (49) те Еуропаның екі дүркін чемпионы ресейлік Василий Егоровпен сынға түседі. Кубокқа таласты Жомарт Ержан, Ілияс Сүлейменов (56), Бақдәулет Ибрагимов (64), Әбілхан Аманқұл, Ерік Әлжанов (75) және басқа да қазақстандықтар жалғастырмақ.

Жеңімпаздардың есімі 10 маусымда белгілі болады. Күн сайын сағат 13.00-ден бастап QAZSPORT телеарнасы барлық жекпе-жектерден хабар таратады.

inform.kz

01 шiлде, 15:06
Түркістан: импорт азайып, экспортты ұлғайтуға мүмкіндік бар
30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр