jasqazaq.kz

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жабылу салтанаты басталды

13 қыркүйек 2024, 16:23

Көшпенділер ойындарының жабылу салтанаты елордадағы «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінде өтіп жатыр. Бюджеттің қысқаруына байланысты жабылу рәсімі көрерменсіз хаттамалық форматта өтетіні хабарланған болатын.
Жабылу салтанатында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Қарақат Әбілдина, Қайрат Баекенов, Гүлсім Мырзабек, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Марат Айтымбай, Мади Сыздықов және т.б. өнер жұлдыздары танымал эстрадалық әндер мен халық композиторларының шығармаларын орындайды. «Наз» мемлекеттік би театры және Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармониясы, «Қамбарқан» фольклорлы-этнографиялық ансамблі (Қырғыз Республикасы) және «Меломен» тобы қатысады.
Еске салсақ, 8-13 қыркүйек аралығында Астанада өткен Көшпенділер ойындарына әлемнің 89 елінен 2500-ге жуық спортшы қатысты. Олар спорттың 21 түрінен 97 медаль жиынтығын сарапқа салды. Жалпы командалық есепте Еліміздің құрамасы 114 медальмен (44 алтын, 33 күміс, 37 қола) бірінші орын алды. Қырғызстан құрамасы 64 жүлдемен (18 алтын, 21 күміс, 25 қола) екінші орынды иеленді. Үшінші орын 34 медальмен (11 алтын, 12 күміс, 11 қола) Өзбекстанда бұйырды.

JQ-Aqparat

31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?