Аралас жекпе-жекете әлемдегі ең беделді ұйым саналатын UFC-ге тағы бір қазақ баласы қосылды. Аралас жекпе-жектен жеңіл салмақта сынға түсіп жүрген, бірнеше белбеулердің иегері Асу Алмабаев келісімжартқа қол қойды. DAR PRO TEAM командасының мүшесі ел сенімін ақтайды деп үміттенеміз.
«Асу Алмабаев үнемі «Менің мақсатым UFC-де өнер көрсетіп, көк туымызды желбірету» дейді. Міне, сол мақсатына бір табан жақын қалды. Қазақ жастарын әлемдік аренаға шығарып, еліміздің спортының өркендеуіне өзіндік үлесін қосып, қамқорлық танытып жүрген Алидар Болатұлына алғыс айтқым келеді. Біздің жігіттердің бойында жауынгерлік рух жоғары. Асудың алар асуы алды деп санаймын, сәттілік тілеймін» дейді Naiza FC лигасының президенті Нұрбек Қарабала.
JQ-Aqparat