jasqazaq.kz

Түрмеден қашқан қылмыскерге қатысты жаңа дерек шықты

27 ақпан 2018, 21:50

Астанадағы тергеу изоляторынан қашқан азаматты ұстауға қатысты деректер шықты, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қамаудан қашқан қылмыскерді Нұра ауданының ІІБ жергілікті полициясының учаскелік инспекторы ұстаған. Полицей 26 ақпан күні Нұра аудынының Ахметауыл ауылындағы блокпостта ВАЗ-2109 маркалы көлігін тоқтатады. Рөлде 33 жастағы Ахметауыл ауылының тұрғыны болды, ал көлікте тергеу изоляторынан қашқан қылмыскер жолаушы отырды. Көлік жүргізушісі оны Ақмола облысының Нұра бөлімшесінен отырғызғанын айтты. Қылмыскер одан Ахметауыл ауылына дейін жеткізіп салуын өтінген. Кейін әйелі мен бала-шағасы тұратын Киевка ауылына жаяу жететінін айтқан.

Қазір ұсталған қылмыскер уақытша тергеу изоляторына қамалды.

Еске сала кетсек, сотталған азамат 25 ақпан күні түскі уақытта Астана қаласындағы тергеу изоляторының серуендеу ауласында жүрген жерінен қашып кеткенін хабарлаған болатынбыз.

Айта кетейік, полиция қызметкерлері қашып кеткен рецедивисті ұстады. Оқиғаға қатысты Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов пікір білдірді. Оның айтуынша, қашқын ғана емес, өз ісіне немқұрайлы қараған қызметкерлер де қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

30 маусым, 15:06
Түркістан: Қазығұртта - индустриалдық аймақ, Отырарда мақта зауыты іске қосылады
30 маусым, 15:03
Түркістан: Мақтарал ауданына биыл 9,4 млрд теңге инвестиция тартылды
30 маусым, 14:09
Жан жарасын жазатын диалог: мұғалім мен бала арасындағы сенім
27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді