Түркияда футболшы қыздар үшінші лиганың «Йени Бурдурспор» және «Анталья Демирспор» командаларының арасында өтіп жатқан ойында жаппай төбелес, — деп хабарлайды «Спорт-Экспресс».
Алаң иелері 4:1 есебімен жеңіп жатқан уақытта, қыздардың арасында төбелес басталды.
Төбелеске тек алаңдағы футболшы қыздар емес, қосалқы ойыншыларда араласты. Полицейлер мен бапкерлер ажыратуға тырысты. Соңында полиция стадионнан қыздарды жетектеп шығарды.