Түркістан: Жасөспірімдерге арналған профилактикалық іс-шаралар өтуде

09 тамыз 2024, 14:35

Түркістан облысы полициясының ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында орын алатын құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түрлі логикалық ойындарды ойнату арқылы профилактикалық шара өтті, деп мәлімдеді Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Яғни Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері Сауран ауданында орналасқан «URKER» балаларды сауықтыру лагерінде демалушы оқушылармен кездесті. Кездесу аясында полицейлер электронды темекі мен вейптің зияны жайлы айта келіп, лудоманияға, нашақорлықтың, вандализмнің алдын алуға және олардың қайғылы салдарына ерекше назар аударды.
– Біз мұндай профилактикалық шараларды ақпараттық және логикалық ойындар түрінде тұрақты негізде жүргіземіз. Демек балалар ойын ойнау арқылы заңды тұрғыдан сауатты болады. Олар заңның нормалары мен талаптарын білуге қызығушылықтары артады. Профилактикалық шара барысында жасөспірімдер өздерін мазалаған және білгісі келген көптеген сұрақтарын қойды. Оларға толық жауап беруге тырыстық, – деді Жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы Дінислам Перменов.
Жасөспірімдер арасында орын алатын құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған іс-шаралар алдағы уақытта жалғасатын болады.
Сонымен қатар Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері заңмен тыйым салынған есірткі заттарын пайдалану, сақтау, өсіру, сату сынды қылмыстардың алдын алып, болдырмау мақсатында үздіксіз жұмыс жүргізіп келеді.
Осы мақсатта полицияның ұйымдастыруымен Түркістан қаласының адамдар көп шоғырланатын аумақтарында профилактикалық іс-шара өтті. Яғни теміржол вокзалындағы, орталық автовокзалдағы жолаушыларға, базар мен дәріханаға келуші тұрғындарға есірткінің зияны мен қауіпі, жазасы туралы ескертіп шықты.
Халық көп жүретін көшелер мен қоғамдық орындарда түсіндірме жұмыстарын жүргізді. «Нашақорлық, есірткі және трамадолға жол жоқ!» тақырыбында жадынама таратты.

JQ-Aqparat

Cурет: Түркістан облысы ПД-нің баспасөз қызметі

14 наурыз, 18:47
Транскаспий дәлізі: Орнықты да оңтайлы
14 наурыз, 18:31
Файзулла Мұстафинұлы: Мақта кластері сыртқы нарыққа тәуелділікті азайтады
14 наурыз, 14:01
Қыздан туған бала жиен бе әлде немере ме?
05 наурыз, 12:03
Дәулет Дидахметұлы: Әкемнің шығармалары – уақытпен өлшенбейтін құндылық
01 наурыз, 10:08
Президент: Асыл дініміз де, ата дәстүріміз де жұртты жақсылық пен жасампаздыққа үндейді
24 ақпан, 11:57
Жалған психологтар мен коучтардан қалай арыламыз?
19 ақпан, 16:29
Ораза ұстап арақ ішсе, сауабы болмайды
19 ақпан, 14:25
Алмақтың салмағы: танымал тұлғалардың салық төлеуден басқа амалы жоқ
18 ақпан, 12:10
"Б/У" гүлдің саудасы. Шын көңілмен сыйлаған гүлді сату дұрыс па?