jasqazaq.kz

Түркістан: полиция тұрғындарға интернет-алаяқтықтан сақтану жолдарын түсіндірді

11 сәуiр 2024, 13:02

Елімізде интернет алаяқтығымен байланысты қылмыс саны азаймай отыр. Осыған орай Түркістан облысының Түлкібас аудандық полиция басқармасында «Интернет-алаяқтықтың алдын-алу жолдары» атты брифинг өтті. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.

Түлкібас АПБ бастығы Бекарыс Сұлтановтың айтуынша, интернет желісін пайдаланып жасалатын алаяқтық фактілері көбеюде.
Ол: «Адамдарды алдау үшін алаяқтар «Instagram», «Facebook», «Telegram», «Вконтакте» әлеуметтік желілерін, «OLX.KZ», «MARKET.KZ», «KOLESA.KZ», сайттарын және «What’s App» мессенджерін пайдалануда. Олар жалған интернет-дүкен, «фейк» парақша, сайт ашып, адамдарды алдап сеніміне кіреді. Мысалы, өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, есепшоттағы ақшаны бөгде адам түсіріп алайын деп жатқанын айтып, есепшоттағы ақшаны резерв шотқа салуға сендіріп, әр түрлі халықаралық банк картасына аударту арқылы иемденіп алуда», — деді.

Жиында жарнамаға қызығушылық танытып, хабарласқан адамдардан алдын-ала төлем талап етіп, «QIWI» әмияны немесе абоненттік нөмірге бірлік ретінде, сондай-ақ банкоматтан ақша аударту арқылы немесе жарияланған жарнамаға жалған қызығушылық танытып, сатып аламын және сол үшін ақша аударамын деп сендіріп, адамдардың банкоматтық карточка нөмірін және ұялы телефонына келген смс-кодтарды біліп алып, интернет-банкинг жүйесін бұзу арқылы есепшоттағы ақшаларды басқа есепшотқа аударып, иемдену жайлы да айтылды.

Түлкібас АПБ-нің жеке құрамы қызметкерлері аудан халқына интернет алаяқтарынан сақ болу керектігі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізе отырып, жадынамалар таратты. Аудан орталығында адамдар көп шоғырланған орындарда LED-экрандарда ескертпе роликтер, билбордтты фотолар және стендтер ілінді.

Мақпал Махаметқызы

Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Бүгін, 15:53
Ерғали Көшеке: Алматы облысында дінаралық татулық – тұрақтылық кепілі
Бүгін, 14:15
Бижан Анарбеков: Расширение сферы применения государственного языка — наша общая задача
Бүгін, 14:13
Туркестан: Продолжается модернизация систем электроснабжения и уличного освещения
Бүгін, 14:11
В Туркестанской области продолжается модернизация систем водоснабжения
Бүгін, 14:06
Туркестан: В Сайрамском районе развивается промышленное производство
Бүгін, 13:44
Түркістан Ислам әлемінің мәдени астанасы мәртебесіне ұсынылды
Бүгін, 12:56
Туркестан: Активно реализуются проекты по развитию социальной инфраструктуры
Бүгін, 12:54
В Туркестанской области растёт объём высокотехнологичной медицинской помощи
13 мамыр, 18:38
Туркестан: «Келешек мектептері» - школа нового формата