Түркістан: Полиция «Таза Қазақстан» мен «Жолда қабылдау» акциясын өткізді

17 маусым, 13:08

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бүкіл ел аумағында «Таза Қазақстан» акциясы өтіп жатқаны белгілі. Биылғы 15 сәуірде басталған аталмыш акция экологиялық заңнаманы бұзу фактілерін анықтауға және жолын кесуге, сондай-ақ елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жандандыруға бағытталған.

Өзге өңірлердегідей, Түркістан облысында «Таза Қазақстан» республикалық акциясын өткізудің екі ай мерзімінде жергілікті полиция қызметінің полицейлері белгіленбеген орындарда қоқыс шығару, жалпы пайдалану орындарын абаттандыру және ластау қағидаларын бұзу, жолдар мен жол құрылыстарын зақымдау жайттары бойынша 5185 деректі анықтады. Бұл туралы Түркістан облысы полшиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Оның ішінде жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін 2331 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін 1795 азаматқа ескерту жасалды, ал 139 адамға айыппұл салынды. Сондай-ақ 920 адамға «Жолдардың, теміржол өткелдерінің және басқа да жол құрылыстарын зақымдау» бабымен хаттама толтырылды.

 

Өз кезегінде тәртіп сақшылары облыс тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық орындарда және көшеде тазалықты сақтауға, абаттандыру ережелерін бұзбауға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға шақырады.

Сондай-ақ облыс полицейлері 20-дан астам мекенжайда тұрғындарды қабылдап, құқықтық кеңес берді. Түркістан облысында полицейлердің ұйымдастыруымен «Жолда қабылдау» акциясы өтті. Тәртіп сақшылары облыс бойынша барлығы 22 орында азаматтарды қабылдады. Нәтижесінде бірінші күні 250-ге жуық тұрғынның мәселесіне ден қойылды. Азаматтардан келіп түскен әрбір сауал жауапсыз қалмай, заң аясында құқықтық кеңес берілді.

Мәселен, жұртшылық тарапынан автокөліктерді тіркеу, жүргізуші куәлігін алу және айыппұлдарды мерзімінде төлеу, көші-қон қызметіне қатысты сауалдар көптеп қойылды.

JQ-Aqparat

Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Бүгін, 14:34
Президент: Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақ мемлекетін құру ісінде шешуші роль атқарғанын міндетті түрде айтуымыз қажет
Бүгін, 14:22
Президент: Бейбітшілік пен тыныштық - біздің ең құнды байлығымыз
16 қазан, 14:48
Қызылордада інісінің куәлігімен ағасын соттап жіберген
15 қазан, 14:20
Армения - уақыт сынынан өткен жақын серіктес
30 қыркүйек, 22:33
Заңсыз қаруды тапсыру – игі іс
30 қыркүйек, 19:47
Мал шаруашылығы – өрісті сала
30 қыркүйек, 16:35
Қазақстан - АҚШ: Инвестициялық ынтымақтастықтың басым бағыттары
30 қыркүйек, 16:04
Түркістан: Жастарға заңгерлік кеңес берілді
30 қыркүйек, 16:03
Түркістан: Қылмыс пен жаза