jasqazaq.kz

Түркістан облысына жыл басынан бері 700 мыңнан астам қонақ келген

08 қазан 2024, 18:22

Түркістан облысына 2024 жылдың 9 айында 700 мыңнан астам қонақ келген. Бұл жайында бүгін Түркістан облысының туризм басқармасының басшысы Нұрдәулет Медеуов БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.

— Өңірге келетін туристер санын ұлғайту және туристерге қолайлы жағдай жасау үшін әлі де біршама жұмыстар жүргізілуі керек. Осыған орай биыл 26 тамызда облыс әкімінің төрағалығымен өңірдің туризмін дамыту бойынша мәжіліс өтіп, саланы өркендетуге арналған жол картасы бекітілді. Онда туристік нысандардағы инфрақұрылымды жетілдіру, қызмет көрсету сапасын арттыру, маркетинг жұмыстарын күшейту, аудан-қала әкімдіктерінің жұмысын жандандыру қарастырылған. Жол картасының нәтижесінде 2025 жылдың қорытындысымен ішкі туристердің санын 25%-ға, ал шетелдік туристердің санын 2,5 есеге, сондай-ақ туризм саласындағы қызмет көлемін 30%-ға жеткізу күтілуде,- деді спикер.

Сондай-ақ, басқарма басшысы «GET LOST WIZZ AIR» жобасына тоқталды.
— Жоба 180 саяхаттаушы-блогердің жасырын қалаларды аралаумен өтеді. Жасырын қаланың аты ұшақ қонғанда ғана хабарланады. Бұл жоба басқа елдерде сәтті жүзеге асырылуда. Мысалы, «Wizz AIR» әуекомпаниясы Бішкекке саяхат жобасын жүзеге асырды. Қазіргі таңда «Wizz AIR» компаниясымен алдын ала кесіссөздер жүргізілді. Ұшу шығындарын әуе компаниясы толықтай өзі көтермек, — деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, спикер 2024 жылдың 8 ай қорытындысымен туризм саласындағы негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 43,6 млрд. теңгені құрағанын жеткізді. Жоспарға сәйкес, жыл соңына дейін 49,3 млрд. теңгеге жетпек.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызмет

30 желтоқсан 2025, 12:34
2026 жылы елімізде не күтіледі? (Видео)
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды