jasqazaq.kz

Түркістан: Есірткіге қарсы күрес тоқтамайды

11 сәуiр 2024, 14:22

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында есірткінің, оның ішінде синтетикалық есіркінің таралуы – болашақ ұрпақтың өміріне қауіп төндіретінін атап көрсеткен болатын. ХХІ ғасырдың тажалы – есірткінің таралуына тосқауыл қойылып, нашақорлыққа қарсы күрес бір сәтке де тоқтамауы тиіс. Осы орайда Түркістан облысының полициясы есірткі бизнесі мен оны таратуға қарсы аяусыз күрес жүргізетінін айту керек.

Жуырда Түлкібас ауданының полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі заттарын сақтағаны және өткізгені үшін 32 жаста жергілік тұрғынды ұстады. Оның тұрғылықты мекенжайын тексергенде марихуана мен «мефедронға» ұқсас психотроптық заты бар 19 ораманы тәркіленді. Оған қоса, қарасора тұқымы мен есірткіні қолдануға арналған құрылғы табылды. Психотроптық заттардың жалпы мөлшері шамамен 15 дозаны құрады.

Күдікті қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды.

Сарыағаш ауданының полициясы да жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде есірткі затына ұқсас өсімдік сақтаған ер адамды анықтады. Жедел-тергеу тобы келіп түскен ақпарат көздері арқылы күдікті тұрғынның тұрғылықты мекенжайына тінту жүргізді. Ер адамның қалтасынан қағазға оралған өсімдік тектес есірткі табылып, тәркіледі. Табылған затқа сараптама жасалған соң, 2 доза «мефедрон» екені анықталды. Сөйтіп бұрын сотты болған күдікті қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды.

Ордабасы ауданында да қарт ер адам есірткі сақтады деген күдікке ілінді. Учаскелік полиция инспекторлары мен жедел уәкілдер қызмет атқару барысында жергілікті тұрғыннан есірткі заттарын тапты.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобының қызметкерлері келіп, тінту жүргізді. Ауладағы сарайдан полиэтилен пакетке салынған есірткіге ұқсас зат анықталып, тәркіленді. Сараптама айғақты заттың «гашиш» екенін, салмағы 70 г екенін дәлелдеді. Есірткіні сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, тергеу жүріп жатыр.

JQ-Aqparat

Суреттер: Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі

01 қыркүйек, 14:43
Ілияс Есжанов: Шымкентте «ақылды» электр желілері іске қосылады
27 тамыз, 13:57
Банк депозитінің сыйақысына салық салынбайды
26 тамыз, 14:32
Мемлекет басшысы: Құрылтай сайлауы еліміздің қоғамдық-саяси өміріне үлкен өзгеріс әкелді
26 тамыз, 13:38
Alatau City қаласының инвестициялық пулы 67 жобаға дейін ұлғайды
26 тамыз, 12:18
Алматы облысының Жамбыл ауданы “Мектепке Жол” акциясына ат салысуда.
21 тамыз, 15:34
Шымкент: Есірткіге қарсы ымырасыз күрес
21 тамыз, 15:25
Нүрсұлтан Сүлейменов: Жаңа өндіріс орындары қала экономикасын алға бастырады
20 тамыз, 14:53
Өмір Қалыбаев: Шымкентте қоғамдық көлік паркін жаңарту тұрақты жүргізіліп келеді
19 тамыз, 15:42
Шымшаһарда қолжетімді баспанамен қамту қарқынды