jasqazaq.kz

Тұрғындар жылуы жоқ көмірді сатып алудан жаппай бас тартты

02 ақпан 2018, 0:34

Солтүстікте көмір құнын қасақана қымбаттатқан 4 компанияға қатысты тергеу басталды. Тапшылықта табыс табуды көздегендер өзара сөз байласып, бағаны негізсіз көтерген. Ал, Алматы облысына көмір бүгін жеткілікті деңгейде жеткізілгенмен, тұрғындар отынды сатып алудан бас тартуда. Өйткені, жағуға мүлде жарамайтын көрінеді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

«Ұшты, ұшты, баға ұшты». Көмір жоқтықтан көңілсіз жүрген көпшіліктің шарасыз күйін пайдаланған петропавлдық кәсіпкерлер қалауынша бағаны көтерген. Бұл бассыздықты көмір бағасына бірінші рет тексеріс жүргізген монополияға қарсы департамент анықтапты. Яғни, осыған дейін тоннасы он мың теңгеге жетпеген кесек отынның құны қазір он бес мың теңгеден асып түскен.

Гүлнәр Жаншина, СҚО Табиғи монополияларды реттеу департаментінің бөлім басшысы:

-Олар бір емес, бірнеше рет өзара келісіп бағаны өсірген. Біздің тарапымыздан тексеру заңға сай 3 айға созылады. Егер олардың бағаны негізсіз өсіргені расталса, заңсыз тапқан пайдасының үш пайызы көлемінде айыппұл арқалауы мүмкін.

Ал, тапшылықтан қағажу көрген оңтүстіктегі ағайынға сырт көзге бүгін жағдай оңалғандай көрінген. Яғни, арнайы орталықтардан бөлек, жол бойында көмір сатқандар қаптап кетті.

-Көмір базаларында кешегідей қарбалас жоқ. Иін тірескен, кезекте бір біріне киліккен көліктер де көрінбейді. Көмір болғанмен, оны алып жатқан адамдар аз. Өйткені, Нарынқолдан жеткен бұл кесек отынның сапасы сын көтермейтін көрінеді.

Көмірді алғаннан не пайда, жылуы оның болмаса? Осылай дескен тұтынушылар жанбай жатып күл болатын Нарынқолдың көмірінен опық жегендерін жарыса айтады.

Сәнеш Жұмашова, Талғар қаласының тұрғыны:

-Әкім келеді, жиналысы болады дегенге Нарынқол көмірін жолдың бәріне төгіп тастапты. Ол Нарынқолдың көмірі жанбайды.

Қызулы көмірдің орнына қара тас сатты деп наразылықтарын білдіргендер, шенеуніктер жас балаша алдауын тоқтатсын дейді. Сұранысқа ие көмір сол күйі жоқ. Кешікпей келер деп кезек күткендердің тізімі ұлғайып барады.

Тыпыршып, қызуы мол қара отынды күткен көпшіліктің сабыры сарқылып, төзімі таусылуға шақ қалды. Әзірге қаласын-қаламасын Нарынқолдың отынын алуларына тура келеді. Әкімдіктегілер әрекеттеніп, жағдайды шешеміз дегенше, көмірден бұрын көктем келетін түрі бар.

09 шiлде, 17:14
Түркістан: Қазығұрттағы әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
08 шiлде, 19:11
Рухани құндылық: Түркістанда домбыраны дәріптеген іс-шаралар өтті
08 шiлде, 17:31
Жыл соңына дейін Бостандық ауданында екі жаңа мектеп ашылып, 10 мектеп пен 5 балабақша жаңартылады
08 шiлде, 14:36
Түркістан: Тоқыма-мата өндірістік базасын салу жөнінде келіссөз жүргізілді
08 шiлде, 14:27
Түркістанда «Ақылды қала» жобасы жүзеге асып жатыр
08 шiлде, 14:14
Түркістан: «Оңтүстік Төртқұдық» уран өңдеу зауыты іске қосылды
08 шiлде, 14:05
Түркістан облысындағы Таскешу ауылында банан өсіреді
08 шiлде, 13:59
Түркістан: Бәйдібекте ынтымақтастық рухын арттыра түскен жастар сайысы өтті
08 шiлде, 13:56
Түркістан: Созақ ауданы экономикасы әртараптандырылады