jasqazaq.kz

«Түнгі студия» жүргізушісі қарттарды сарттар деп шатастырды

06 наурыз 2018, 15:07


Күні кеше көрермен көзайымына айналған “Түнгі студия” бағдарламасының жаңа маусымы басталды. Жоба тізгінін ұстаған Қайрат Әділгерей Нұрлан Қоянбаевтың орнын басып, алғашқы эфирін абыроймен өткізді. Желідегі пікірлерге зер салсақ, көрермендер Қайрат Әділгерейдің жүргізушілік қабілетін жоғары бағалап жатқандай.
Stan.kz хабарлағандай, Сәкен Майғазиевтен сұхбат алған Қайрат Әділгерей бағдарлама барысында Төреғалидің шу болған концертіне қатысты әзіл айтты. Сәкеннің 7 наурызда өтетін концерті жайлы сөз қозғаған ол: “Бұл шоколад концертіңізге сарттар, ой сарттар деппін ғой, қарттар келе ма?” – деп сұрады. Көрермендер де, қонаққа келген Сәкен Майғазиев те Әділгерейдің астарлы қалжыңына күліп жіберді.


“Бұл сөз өзекті болған соң аузыма түсіп кетіп жатыр, кешіріңіздер, шатасып жатырмын. Қарттар дегім келді”, – деп ақталды тележүргізуші. “Әрине, келеді. Қарттар да келеді. Ұлтқа да бөлмейміз. Ала шапан, айыр қалпақ ағайындар да келуі мүмкін”, – деп жауап берді Сәкен. Естеріңізде болса, 2017 жылдың желтоқсан айында Төреғали павлодарлық азаматқа дөрекілік танытып, “сарт” деген сөзді қарияға қаратып айтқан еді.

27 маусым, 15:14
Заманауи медициналық технологиялар дені сау балалардың өмірге келуіне арналған
27 маусым, 10:53
Түркістан: Кентауда модульді капсулалармен жабдықталған демалыс аймағы ашылады
26 маусым, 19:27
Түркістан қаласының жалпы өңірлік өнімі 159,5 млрд теңгені құрады
26 маусым, 19:13
Түркістан: Жылыжай агробазасы - барлық саланы біріктіретін ауқымды бастама
25 маусым, 16:42
Түркістан: Ағын су тапшылығын еңсеру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
25 маусым, 15:56
Түркістан: Саурандағы индустриалдық аймақтар кәсіпкерлікке серпіліс береді
25 маусым, 15:45
Түркістан: 130 млрд теңгеден астам инвестиция тартылып, 100-ге жуық жоба жүзеге асуда
25 маусым, 14:58
Алматы қаласында жаңа отбасылық емхана пайдалануға берілмек
24 маусым, 16:32
Chevron -ҚМГ: Сенімді серіктестік жолымен