jasqazaq.kz

Туысы пышақтап тастаған астаналық ағайындылардың жағдайы белгілі болды

20 қантар 2025, 11:00

Елордада жас жігіт 4 адамды пышақтаған. Оның біреуі оқиға орнында мерт болды, қалған үшеуі қазір ауруханада жатыр. 

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдем жарақат алған жандарды № 1 көпсалалы қалалық ауруханаға жеткізді.

— Тексеру нәтижесінде 1964 жылғы әйелдің денесінің әртүрлі бөліктерінде бірнеше жерден тесілген жаралар анықталды, сонымен қатар сол жақтағы қабырға сынған. Ауруханаға ауыр жағдайда жатқызылды және операция жасалды, қазір пациент қарқынды терапия бөлмесінде жатыр. Сондай-ақ 1974 жылы туған әйелдің денесі пышақпен әртүрлі жерден тесілген, денесі көгерген, сол сияқты бас жарақатын алған және оң жақ қабырғасы сынған. Жалпы жағдайы орташа, тұрақты, — делінген хабарламада.

Одан бөлек, 18 жастағы қыз зардап шеккен. Елордалық дәрігерлер оның да бірнеше жерден пышақ жарақатын алғанын айтып отыр, қазір пациент ауруханада хирургия бөліміне жатыр.

— Жалпы жағдайы орташа, тұрақты, — дейді денсаулық сақтау басқармадан.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, елордада 21 жастағы жігіт төрт бірдей туысын пышақтап тастаған.

Оқиғаға куә болғандардың айтуынша, үйдегі жанжал Free Fire ойынынан туындаған. Мұстафин 21\5 мекенжайындағы үйде таңғы сағат 4.00 кезінде 21 жастағы тұрғынның телефонын үйдегі туыстары тартып алады. Соған ашуланған жігіт туыстары ұйқыға кеткен кезде пышақпен шабуылдаған. Салдарынан 1997 жылғы ағасы оқиға орнында жан тапсырған. Ал қалған 3 адам ауыр жарақатпен ауруханаға түскен.

inform.kz

Фото: lexmedicus.com.au

Бүгін, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет